2025 жылдың 20–25 қазан аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» (авт.: Ғабит Мүсірепов, реж.: Гүлназ Балпейісова) спектаклімен өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Театрдың суретші-сценографы Айнұр Есболатова «Ұлпан» спектакліндегі жұмысы үшін «Үздік сценография» номинациясын иеленді. Сондай-ақ театр актерлерінің шебер ойыны да назардан тыс қалмады. Әсет Иманғалиев – «Ұлпан» спектакліндегі Есеней ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленсе, Нариман Егімбеков – «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясына лайық деп танылды.
Бұл жетістіктер – Ғабит Мүсірепов атындағы театр ұжымының кәсіби деңгейінің, шығармашылық бірлігінің және қазақ театрының биік өнерге адалдығының айқын көрінісі.



