Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«ҚҰЛАГЕРГЕ» АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ

«Құлагер» soundrama жанрымен әлемдік деңгейдегі бәйге алаңдарына шығып, жоғары кәсіби мамандардың көзайымына айналған бірден бір қойылым.

Әлемнің жүйріктерімен бірге жарысқан «ART-ORDO – 2023» өнер додасында «Құлагер» қойылымы «САХНАЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ ҮШІН» арнайы сыйлығына ие болды

Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында КСРО халық әртісі, театр және кино актрисасы Б.Қыдыкееваның 100 жылдығына арналған IX халықаралық «ART-ORDO» театр фестивалінде театрымыздың аға буын артисі САҒЫЗБАЙ ҚАРАБАЛИН «Құлагер» қойылымындағы Күреңбай рөлімен «ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ» марапатын иеленді

Қазақтың алтын қазынасы «Құлагерін» театр төрінде сахналауда рухты үн беріп, аспаптармен көркемдеген талантты «SteppeSons» тобы да олжалы болды

«ART-ORDO – 2023» ІХ Халықаралық театр фестивалінде қазылар алқасы мен көрерменнің көзайымына айналған «SteppeSons» тобы «ЕҢ ҮЗДІК МУЗЫКАЛЫҚ КӨРКЕМДЕУ» жүлдесіне ие болды

Сәйкес жаңалықтар

Жастар театры қартаймайды

admin

“Жаңа күн” бағдарламасында актер Данияр Базарқұлов, режиссер Ерлан Кәрібаев қонақта.

admin

7 қараша театрымыздың актеры Əсет Есжанның туған күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Əсет, саған мықты денсаулық, таусылмас бақыт, шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!!! 100 жаса!

admin