Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Қойылымдар

“Келіндер көтерілісі” комедия

Авторы-Саид Ахмад
Аударған-Асқар Сүлейменов
Қоюшы-режиссері және музыкамен көркемдеушіМұрат  Ахманов, ҚР-ның  еңбек  сіңірген  артисі
Қоюшы-суретшісі Бақыт  Сраилов,  Мәдениет  қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі Әлия  Әбдікәрімова
Балетмейстер Анар  Жүсіпова
Режиссердің   ассистенті Жақсыбек Құрманбеков, Мәдениет қайраткері
Режиссердің  көмекшісі Гүлфайруз  Смаилова
Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жыл бұрын жазылса да, әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан табысты шығармалардың бірі. Әлемнің 14 елінде аталған пьесаның желісімен мыңдаған спектакль қойылып, бірнеше көркемфильм түсірілгені белгілі.
Отбасында билігін жүргізіп дағдыланып қалған, жеті ұл, 41 немеренің анасы Фармон бибінің табалдырықтан кенже келін Нигора аттаған сәттен бастап тынышы кетеді. Ата-анасы бетінен қақпай өсірген шолжаң келін бұл шаңырақтың жазылмаған заңдылықтарына бағынғысы келмейді. Фармон бибінің жоқтығын пайдаланған Нигора абысындары мен қайынағаларын жұмылдырып, «генерал енені» сипаттайтын шағын қойылым дайындайды. Бас кейіпкерден өз бейнесін таныған ене қателігін түсініп, ұлдарының енші алып, бөлек шығуына рұқсат етеді. Пьесаның финалында «көтерілісті бастаған» Нигора дәстүр бойынша кенже келін ретінде қарашаңырақта қалады. Сөйтіп, тапқыр да алғыр Нигораның арқасында бұл отбасында шын мәніндегі түсіністік пен береке-бірлік орнайды.
Пьесаға негіз болған оқиға ене мен келін арасындағы ғана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындаіы конфликтіге негізделген. Қойылым  барысында  өнер сүйгіш өзбек  халқының  дәстүрлі биін қолдана отырып, әдемі әзілмен әспеттелген, дәстүрлі театр элементтерін пайдаланған спектакль – көрерменді күлдіре отырып, ойға батыратыны хақ.  «Келіндер көтерілісі» спектаклі  комедия  жанрында  өрбіп,  арнайы  қойылған  көркем  биімен,  әсем  әуенімен  сахналық  шығармашылық  туынды  ретінде  әсерлі.

_MG_5309 _MG_5333

_MG_5345 DSC_0986

келиндер котерилиси DSC_1088

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедия

admin

Бремен музыканттары

admin

«Қызыл орамалды шынарым» екі бөлімді драма

admin