Алматыда қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың төрағалығымен «Сандар археологиясы: Шумер және арифметиканың бастаулары» атты V Халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция жазба таңба – иероглиф және оның атауларын зерттеуге бағытталған, бұл болашақта халықаралық ғылыми қоғамдастық үшін сандар тарихын және халықтар мен мәдениеттердің тарихи байланысын анықтауға мүмкіндік береді.
Іс-шара аясында мәдени мұра шекарасын кеңейту, оған халықтар құрған белгілер мен білім жүйелерін қосу, өзара байланыс пен мәдениеттердің жақындасуындағы тарихи дәлелдер талқыланды. Мұнда ежелгі белгілер мен тілдік жүйелерге тарихи-лингвистикалық зерттеулер жүргізу маңызды рөл атқарады.
Конференция қорытындысы бойынша, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу үшін адамзаттың зияткерлік мұрасы ретінде сандар ұсынылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі