Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

«АПАЛЫ-СІҢЛІЛІ ҮШЕУ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

12 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Апалы-сіңлілі үшеу» (авт.: А.Чехов, реж.: Ф.Молдағали)  спектаклінің премьерасы өтті

 

«Апалы-сіңлілі үшеу» деп аталатын драма өзге әйелдер секілді мағыналы да, мәнді ғұмыр кешуді армандайтын арулар тағдырын арқау еткен. Өздерін қоршаған адамзат баласынан тек жақсылық күтетін нәзік жандылар болашақтан бақыт тосады. Аңсаған арман мен күткен көркем өмірге жете алды ма екен? Қойылымның алғашқы көрермені болу арқылы, бұл сауалға жауап таба аласыз.

Қойылымға бүгінгі таңда, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қойылымдарды қойған, театр әлеміне жаңа леп әкелген жас әрі кәсіби режиссерлердің бірі, «Түркі әлемінің ең үздік режиссері» атағына ие Фархад Молдағали режиссерлік етті. Сонымен қатар, хореограф Шырын Мұстафина, композитор Ербол Нариманұлы, костюм суретшісі Алма Сырбаева сынды білікті мамандар спектакльдің шығармашылық ұжымын қамтиды.

Қойылымның негізгі кейіпкерлерін ҚР Еңбек сіңірген артисі Қадірбек Демесін, театр артистері Рахман Омар, Дархан Сүлейменов, Толқын Нұрбекова, Гүлбахрам Байбосынова сынды өнер иелері сомдады

Адам бақытты өзінің ішкі жан дүниесінен іздеуі абзал. Жаңа қойылымның бүгінгі күнмен үндестігі де осыда: апалы-сіңлілер секілді көп адам аласапыран өмірде қалай бақытты болатынын білмей жүр. Ғасырлар бойы адамзат баласымен етене жалғасып келе жатқан түрлі: рухани тоқырау, таным қайшылықтары, өзге де кереғар мәселелер спектакльде жалпы қоғам бейнесін сипаттай түседі. Өмір мәнін зерделеу, қоғам құндылықтары мен адами мұраттар қойылым бойынан көрініс табады. Спектакльде әр көрермен өзін көріп, көкейіндегі мазалайтын сұрақтарға жауап табады деген үміттеміз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Атырауда қойылған «Алтын адам»

admin

Қуаныш Керімқұлов: Табиғатыма жақын деген образды әлі сомдап көрген жоқпын

admin

Дархан Сүлейменов — Мазаламайын…

admin