Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары Мемлекеттің жаңалықтары

“Еркекше”: 50 жасқа толған танымал актер мерейтойын қалай өткізеді

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының беделді әртісі, көрерменге көгілдір экран арқылы да танылған актер Жомарт Зейнәбіл ердің жасына жетті. Елуді еңсерген өнер иесі өзі қызмет ететін қарашаңырақта мерейтойын өткізбекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram, коллаж: NUR.KZ

Жомарт Зейнәбілдің 50 жасқа толу қуанышына орай Мүсірепов театрында жаңа спектакльдің тұсауы кесілмек.

Режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналаған “Еркекше…” деп аталатын қойылымда туған күн иесінің өзі басты рөлді сомдайды екен.

Сондай-ақ, америкалық драматург Саймонның пъесасын Жомарт мырзаның өзі қазақшаға аударған болып шықты.

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Еркекше” спектаклінде Жомарт Зейнәбілден бөлек Сәкен Рақышев, Руслан Ахметов, Дархан Дайырбеков сынды танымал актерлермен қоса Гүлдана Ергешова және Нұргүл Мыңғатова есімді аткрисалар бой көрсетеді.

Айта кетерлігі, аталмыш комедияның премьерасы бүгін, 31 қараша күні сағат 17:00-де өтеді.

Ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/1825001-erkekse-50-zaska-tolgan-tanymal-akter-merejtojyn-kalaj-tkizedi-foto.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin

В самом расцвете лет!

admin

Қазақстанда «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланды

admin