Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті.

Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады. Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Сәйкес жаңалықтар

Роза Әшiрбекова – өмiрiн театрға арнаған жан. Сахнада сан түрлi рольдердi сомдап, өмiрде жан-жағына шуақ шашып жүрген, театр әртiстерiнiң анасына айналған аяулы кiсi. ҚР Халық әртiсi атағынан бөлек, көрермендерiнiң ыстық ықыласына, шынайы сүйiспеншiлiгiне бөленген ардақты ана! Өмiр жолы ұрпаққа үлгi боларлық анамызға арналған өлеңдi өздерiңiзге ұсынамыз.

admin

«Алдар көсе» рэп билеп жүр…

admin

ӘРІПТЕР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

admin