Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Бес бірдей марапат

Бес бірдей марапат

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектаклі Қарағанды қаласында өткен Әшірбек Сығай атындағы ІІІ Республикалық «Сын – шын болсын» театр «ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМ» жүлдесіне ие болды.

Режиссер Гүлназ Балпейісова «Ұлпан» қойылымы үшін «Үздік режиссура» аталымына лайық деп танылды.

Сонымен қатар, актриса Толқын Нұрбекова «Ұлпан» спектакліндегі Ұлпан ролі үшін «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталды. Актриса Анар Адилова Шынар ролі үшін «Екінші пландағы үздік актриса», ал Нариман Егимбеков Аңшы Мүсіреп ролі үшін «Екінші пландағы үздік актер» номинацияларына ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

ТЕАТР ДА ЖОЛДАУДЫ ТАРАЗЫЛАДЫ

admin

Саха театры – Алматыда

admin

Азамат САТЫБАЛДЫ: Мұқағалидің рөлін армандап жүрмін…

admin