Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ӘБДІЖӘМИЛ НҰРПЕЙІСОВ ГҮЛ СЫЙЛАҒАН АКТРИСА

Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында аядай ғана Айдархан деген ауыл бар, яғни, менің – ауылым. Бұлауылдан бұрынсоңды атағы жер жарғантанымал ешкім шыға қоймаған. ІлгерідеАсылбек Ишанов есімді айтыскер жігіт елаузына ілігіп еді. «Оразалы өмірге қайтакелді» деп, сүйсінген болатын жұртсонда. Елді аузына қаратып, арындаптұрғанында есіл ерді жиырма екіжасында арамыздан ажал алыстатыпкетті. Сонан кейінгі ауыл тіршілігімимырттап қана, баяғыдай марғау тартабастаған. Бір күні ауыл дүр ете қалды.Көк жәшіктен Аида Жантілеуова әнсалып тұр. Ертесіне ауыл адамдары тағыбір перзентіне тілеулестік білдіріп, бірбірінен сүйінші сұрады

Аида Жантілеуовабүгінде Ғ.Мүсірепов атындағы ҚазақМемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдертеатрының актрисасы. Өнерге алғашқы қадамын белгіліпродюсер Баян Есентаева жетекшілік еткен «Іңкәр» тобынанбастаған. Халыққа әнші ретінде танылған Аида бұл топта біржарым жылдай өнер көрсетті. Әнші болып, эстраданың көпжұлдыздарының бірі атанып жүре беруіне де болар еді.Әйтсе де, Аида әншілікті қойып, театр сахнасына көтерілді.Сахнада жай ғана көрініп қойған жоқ, үлкен жауапкершілігібар рөлді арқалап шықты. Шыңғыс Айтматовтың «Шынарымменің, шырайлым менің» повесі желісімен сахналанғанТалғат Теменовтың «Қызыл орамалды шынарым»қойылымындағы Әсел бейнесі арқылы көптің көзайымынаайналды. Бұл драманың сахналанғанына үш жыл болса да,жұрт Аиданы әлі күнге Әсел атап жүргенікөрерменсүйіспеншілігінің дәлелі болса керекті.

dsc_8361 img_4037 img_5103

Осы рөлімен Аида 19 жасындаақ Халықаралық театрфестивалінде «Үздік әйел рөлін сомдағаны үшін» жүлдесіменмарапатталды. Одан кейін ресейлік атақты режиссер Роман Виктюкқойған Ф.Шиллердің «Махаббат пен зұлымдығында» басты рөлЛуизаны сомдады. Алдын ала жоспарланған актрисаларды лайықкөрмеген Виктюк әртістік шеберлігімен көзге шалынған Аидағабасты рөлді өзі ұсыныпты. Мұнан кейін де Аида бірқатар бастырөлдерде көрінді. Талғат Теменов сахналаған Мұхтар Әуезовтің«АйҚарагөз» драмасында Қарагөз рөлінде бұрынғысынан даашыла түсті. Қазақтың қарапайым ауылында қазақы тәрбиенібұрымына байлап, бойына сіңіріп өскен Аида үшін Қарагөз арағақанша уақыт түссе де аса жат болмыс емес. Жастар театрыныңбиылғы маусымдағы соңғы премьерасы – «Шығыс сазы»музыкалық комедиясында (режиссеріТалғат Теменов) Аидабейнелеген Аққу қыз бейнесі де сәтті шықты. Белгілі әнші, театржәне кино актрисасы Айгүл Иманбаеваның «А.И» атты жеке театрықойған «Махаббат аралы» драмасында да Аида ерекшеленіпкөрінді. Жас актриса театрмен ғана шектелмей, кинода да көрініпжүр. «Болашақ» сериалы мен «Базарбаевтар отбасы» кинокомедиясында басты рөлдерді ойнап, көпшілікке кеңінен танылабастады.

Аидамен бір топырақта туғанымызды айттық. Ендеше,сәл шегініс жасап көрейік

Бірінші лирикалық шегініс: Алтыншы сыныпта оқып жүргенкезім. «Алтын күз» байқауы болып жатыр дегенді естіп, мектептіңакт залына бас сұқтым. Залдың іші лық толы екен, отыра кетерорын да жоқ, көпшіліктің соңында мойнымды созып, сахнаныкөрмекке ұмсынып тұрмын. Мектептің мұндай беделді байқауларыжоғары деңгейде ұйымдастырылатын. Шыршасы мен Аяз Атасыжоқ демесең, Жаңа жыл мерекесінен айнымайды. Байқаудыңшарты бойынша әр сынып өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіпжатты. «Ханзада мен ханшайымның өнері» бөліміне келгенде,кезек тоғызыншы сыныпқа тиді. Жүргізушілердің шақыруынан соң,зал бір сәтке сілтідей тынған. Осы кезде баяу, әуезді бір музыкаойнай кетті. Бұрын естілмеген саз болса керек, елтіп барамын.Байқаймын, бәрінің де бет жүзінде дәл менің күйім. Сахна әлі бостұр. Бір кезде сахнаның екі жағынан тоғызыншының оқушыларыСәтжан мен Аида шыға келіп, әуенге сай билей жөнелді. Кейде бірбірінен алшақтап кетеді, енді бірде қолдарын әлсіз ғана ұстағанкүйі теңіз бетінде әрліберлі ойнақтаған толқындай болып,тербеле бастайды. Киген киімдері де сондай жарасымды. Дәлмұндай көріністі теледидардан көретінім барды, енді өзіміздіңмектептің сахнасынан көріп отырғаныма нанбай, жанжағыматаңдана қарап қоямын. Құдіретті әуеннің сазы жұртты қайдағы бірқиял әлеміне жетектеп әкетіп, сахнада тербеліп жүрген екі«ғашықтың» махаббатын тамашалатып қойды да, ақырымойындатып барып, бидің соңын ду қол шапалаққа ұластырыпжіберді. Жұрт ризалықпен тегіс орнынан тұрдыКеш соңында«Алтын күздің ханзадасы мен ханшайымы» Сәтжан мен Аиданымарапаттаймыз» деген дауыс естіліп жатты

Енді Аиданың өзін сөйлетейік

«НТКда нең бар

Ауыл адамдары мені әкеңе тартқансың дейді. Мінезімніңбірбеткейлігі, бір істі бастасам аяғына жетпей тынбайтыным, тіптіашаң сырт келбетім де әкеме көбірек ұқсайды. Ауыл адамдарыныңайтатыны да сол себептен болса керек. Әкеміз бізді ер балашатәрбиеледі. Қыз бала болсақ та, спортқа үйретті. Өкініштісі,ардақты әкемізден жуырда көз жазып қалдықМенің өмірімдегіең ауыр соққы осы жағдай болды. Әкемнен айрылғаныма әлі күнгесене алар емеспін. Бәріміздің барар жеріміз бір ғой, десек теәкемнің арамыздан ертерек кеткені жанға батты. Бірақ, анама даоңай емесҚұдайға шүкіршілік етуіміз керек, артында екі қызымен түтінін түтетер ұлы қалды.

Бала күнімде телеарнада қызмет жасасам деп армандайтынмын. Ол арманым да орындалғандай болды. Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін бітіре салысымен, НТК арнасындағы «Joo Box» бағдарламасының жүргізушісі болып жүрдім. Бір күні концертте әнші Айгүл Иманбаеваны кездестіріп қалдым. Екеуміз де Толымбек Әлімбекұлының шәкіртіміз. Айгүл әпке қайда жұмыс істеп жүргенімді сұрады. НТК-да екенімді естігенде: «Тауыпсың жұмыс істейтін жерді. Түрің бар, бойың бар, тілің бар, кәсіби актрисасың. НТК-да нең бар?! Көп сөйлемей театрға кел!..» – деп қатты-қатты сөйледі. Әу баста «орта біліммен театрға алмайтын шығар…» деген ойда болдым. Әйтсе де, жұмысқа 3 айлық сынақ мерзімімен қабылдандым. Сынақ уақыты біткен соң Талғат Теменов бірден «Қызыл орамалды шынарымдағы» басты рөлді (Әселдің образы) берді. Осыдан бастап театрда бағым жанды десем болады.

Алғашында Баян Есентаеваның продюсерлік етуімен «Іңкәр» тобында ән айттым. Екі жаққа жүгіріп жүру қиынға соқты. Продюсердің айтуымен күтпеген жерден басқа қалаларға ұшу керек болады. Ал кешке театрда қойылымым жүруі мүмкін. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген сөз бар ғой, сондықтан біржақты шешім қабылдауға тура келді.

Ал қазір актрисалықпен қатар, экономика саласы бойынша жоғарғы оқу орнында сырттай білім алудамын.

ӨЗІМ ДЕ ҚАРАГӨЗГЕ ҰҚСАЙМЫН

«Актер – өз рөлінің авторы. Ол драматургке қарағанда он есе артық эмоция мен сезімін қосуы керек» – деген Шәкен Аймановтың сөзі бар. Бұл – менің кәсіби ұстанымым.

«Ай-Қарагөздегі» Қарагөзге мінезім аздап келеді. Режиссер де рөл бергенде осыны байқаған болу керек. Рөлді ойдағыдай алып шықтым деп ойлаймын. Өз басым сахнада тұрғанда музыка беріп, жарық қойып тұрған екі жігітті ғана көремін. Сахнаның сыртында «мәссаған, залда анау отыр, залда мынау отыр» деп, өзгеріп шыға келетін актерлар бар. Меніңше, актер көрерменді алаламау керек. Дауысың 250 теңгеге билет сатып алып, соңғы қатарда отырған адамға да естілуі керек. Қандай рөл берсе де, асқан жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Себебі, әртіс – халықтың адамы. Өзі үшін емес, алдымен халық үшін қызмет жасайды.

Екінші лирикалық шегініс: Оқуға түсіп, студент атанған кезім. Тобымыздың өтініші бойынша Жастар театрына баратын болдық. Топтағылармен енді-енді танысып, білісіп жатырмыз. Бармайтындай не амал бар?!

Қайдан шыққаны белгісіз, бір әдемі дауыстың «театрда тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз» деп хабарлауынан соң шымылдық ашыла кетті… «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы басталды. Қойылым ортасында әлдене есіме түсті. Сахнада алысқа қарап, сыр бөліскен екі «ғашықтың» бірін дәл осы күйінде сонау алтыншы сыныпта көргенім… Иә, ауылда, мектеп сахнасында. Қойылым соңында халықпен қауышуға сахнаның екі жағынан жүгіре шыққан Жұлдызбек пен Аидаға көрермендердің кейбірі көзіне жас алған күйі, орындарынан өре түрегеліп, ұзақ-ұзақ қол соқты. Қолымда бір шоқ гүл, киелі сахнаға көтерілуге жүрексіне бердім. Ақын бір көкемнің «оқиғалар қайталанады» дегеніне көзімнің жеткені еді…

Аядай ауылдың Аидасы тағы не дейді?

ТОМИРИСТІ СОМДАҒЫМ КЕЛЕДІ

Осы уақытқа дейін образдары бір-бірінен алшақ, әр типтегі бейнелерді сомдадым. Ендігі мақсатым – тарихи образды өмірге әкелу. Бұл өтінішімді режиссерларға айтқан да болатынмын, алдағы уақытта бола жатар. Ендігі әңгіме –

кімді сомдауда. Өзім Томиристі ойнағым келеді. «Томирис» осыдан он жыл уақыт бұрын М.Әуезов театрында қойылыпты. Енді осы қойылымды екшеп, қайта дайындап, өзіміздің Жастар театрында қойса деген тілегім бар. Қазір театрға, Құдайға шүкір, жастар көптеп келеді. Осы орайда оларға тарихтан тағылым болар дүниелерді де ұсынған жөн.

ҚАЛЫҢ ЕКІ ДӘПТЕР КҮНДЕЛІК ЖАЗЫППЫН

Әртіс – шығармашылықтың иесі. Үнемі өзін рухани жағынан толықтырып отыруы тиіс. Сондықтан қолым қалт етсе, кітап оқимын. Мектеп қабырғасында «Абай жолын» оқығаным бар. Шынын айту керек, ол кезде түсіне қоймадым. Қазір қайта оқып жатырмын. Шыңғыс Айтматовтың туындыларын жиі парақтаймын.

Бұрын күнделік жазатынмын. Екі қалың дәптерге жазылған күнделігім бар. Бір жылдай болды, қол үзіп қалдым. Күнделік – адамның жалғыз қалғандағы жан серігі. Өмірімнің ерекше сәттерін, тіпті қиналған кезімді де қағазға түсіріп қоюды жөн көремін.

ӘБДІЖӘМИЛ АТАНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫМ

Бұл ешқандай да тәкаппарлану емес, бірақ, менің ешқандай кумирім жоқ. Ешкімге еліктемеймін. Қазір көп жастар, әсіресе, өнер саласындағылар еліктеу арқылы танылады. Еліктеу арқылы да өзіңді қалыптастыруға болады. Бірақ, мұның бәрі көшірме болып шығады. Осы пікіріме Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыз да риза болды. Ол кісі «Қызыл орамалды шынарымнан» бастап, мен ойнайтын спектакльдерді жібермей көріп, риза болып, батасын берген болатын. Жастар театры болса да, одан кейінгі қойылымдарда да қалмай келіп тұрды. Қойылым соңында ақсақалдық ақылын айтып, бізге демеу болып келеді.

«ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛАДАҒЫ» БАСТЫ РӨЛДІ МАҒАН БЕРГІСІ КЕЛІП ЕДІ

2011 жылы «Қазақ аруы» байқауына қатысып, «Көрермен көзайымына» айналдым. Сонда қазылар алқасында төрелікте отырған «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаев актерлік шеберлігіме тәнті болып: «Қап, әттеген-ай! «Жаужүрек мың баладағы» Қорланға мінезің келеді екен. Бірақ біз бұл рөлге актерді белгілеп қойдық. Сонда да батыр қыздардың бірінің рөлін ойнайсың», – деп, мен үшін арнайы сөз жаздырды. Фильмде «Алтайдан төрт қыз келдік!» деген бір ауыз сөзіммен көрерменнің есінде қалдым. КВН-дегі жігіттер бұл сөзімді қағып алып кетті.

ЖАҚСЫ ЖАР АТАНУ – ӨМІРЛІК ПАРЫЗ

«Базарбаевтар отбасы» сериалынан кейін көпшіліктен «сенен жақсы келін шығады екен» деген пікірді жиі естідім.Қатарластарым да осылай әзілдеп жатады. Мүмкін… Дегенмен де, келін образын өмірде «сомдауға» дайын болғаныммен, тұрмысқа шығатын уақытым келген жоқ. Мен үшін ең алдымен өнер маңызды. Тұрмысқа шығып, жақсы жар атану өмірлік парыз болатын болса, арман жолындағы жетістікке жетуді де уақытында орындайтын міндет деп білемін. Сондықтан әзірге өнер жолында үлкен ізденіс пен қажырлы еңбекті талап етіп, халықтың жадында қалатындай әртіс атану үшін еңбектенудемін.

Түйін: Қырғыздың атақты театр сыншысы Ақылбек Әбдіхалықов «Қызыл орамалды шынарымды» көргеннен кейін: «Уақыт келгенде Әсел (Аида Жантілеуова) үлкен актриса болады деген ойдамын. Ол өзінің шынайылығын, жүрекжарды тазалығын жоғалтпауы керек…» – деген пікір айтқан еді. Аида қандай рөлді ойнаса да, тазалықты, кейіпкерінің жан-дүниесін ашуды бірінші орынға қояды.

Бүгінде экранда жас актрисалар аз емес. Көркіне көз тоярлық Қарлығаш Мұхамеджанова, сұлу да ерке Әсел Сағатова, талдырмаш Әлия Телебарисова бар. Аиданың бұл актрисалардан ерекшелігі – түрінің де, тілінің де қазақылығы болса керек.

Аядай Айдарханнан шығып, алып Алматыға келген біздер Аиданы әлі ауылдағыдай көреміз. Мен алтыншы сыныпта сахнада көрген Аида сол қалпы…

Аслан ТІЛЕГЕНОВ

Ақпарат көзі: http://zhasorken.kz/?p=5551

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ.Мүсірепов театры 71-ші маусым 2016 жыл Желтоқсан айының репертуары

admin

Данияр БАЗАРҚҰЛОВ, актер: Менің кумирім – Махамбет

admin

Театрымыздың актеры, Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты – Əсет Иманғалиев “Жаңа күн” бағдарламасында.

admin