Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Бүгін Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Алғаш рет өткізіліп жатқан шараның баспасөз мәслихатында театр басшылығы фестиваль аясындағы атқарылған істер мен атқарылатын істерді баяндады.

«Бұл – ел театры тарихында балаларға арналған тұңғыш фестиваль. Бұл ішкі фестиваль болғандықтан, көрермен назарына біздің театрда қойылып жүрген спектакльдер көрсетіледі. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат – актерлардың шеберлігін шыңдау және ертегілерге негізделген театр қойылымдары арқылы жас көрермендерді ұлттық рухта патриоттық тәрбие беруге күш салу», – деді өз сөзінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіқалықов.
Театр басшылығы бұл іс-шараның республика көлемінде өткізілу керек екенін де жасырмады. Алайда дағдарыстың дүмпуі киелі сахнадан да айналып өтпеген екен. Соған қарамастан ішкі қаржыдан арнайы жүлделер тағайындалған.
Бұл фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл», «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» аталымдары қарастырылған. Марапаттау рәсімі 27 наурызда, яғни Халықаралық театр күні өткізіледі.
Айта кетелік, фестиваль аясында 24 наурыз күні сағат 11:00-де – «Наурыз думан», сағат 13:30-да – «Ер көжек», 15:30-да – «Алтын мүйізді киік», 25 наурыз күні сағат 11:00-де – «Томпақпен келген Жаңа жыл», сағат 14:00-де – «Маугли» және 26 наурыз күні сағат 11:00-де – «Батыл көжектер», сағат 14:00-де «Алдар көсе» спектаклдьдерін көрсету жоспарланған.

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Балалар спектакльдерінің тұңғыш фестивалі ашылды

Ақпарат көзі: http://jasqazaq.kz/2016/03/24/balalar-spektakldern-tysh-festival-ashyldy.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тұсаукесер! 14 ақпаннан бастап «Қызық екен…» жобасы эфирге шығады

admin

СТУДЕНТТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

admin

Роза апамыздың орындауында Т.Айбергеновтің шығармаларынан үзінді

admin