Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • БАҚ жаңалықтары
  • Бақыт Тушаев, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты: ӘР АКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІГІ – ҰЖЫМНЫҢ ЗОР ЕҢБЕГІ
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Бақыт Тушаев, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты: ӘР АКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІГІ – ҰЖЫМНЫҢ ЗОР ЕҢБЕГІ

– Бақыт, сіз биыл Қазақ­стан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атандыңыз. Бұл сыйлық сіз үшін несімен ерекше?

– Актер үшін басты атақ – көрермен  мен  халық беретін баға. Бүгінгі заманда есіміңнің жанында атағың тұрса, жұрт соған қарап бағалайды екен. Мен соған ұмтылдым демеспін, бірақ бұл бір стимул болды. Дер кезінде еңбектің бағаланғаны дұрыс қой. Өзіміздің бойымыздағы дарынды тұн­шықтырмай, жалпы осы салаға бел шешіп кіріскеннен кейін еңбек­тенуіміз керек. Соның нә­тижесі бізді алға ұмтыл­ды­рады, қайрайды. «Серпер» сый­лығы маған сондай сер­піліс берді деп айта ала­мын. Өйткені өмір бойы театрда еңбек етіп, елеусіз жүрген қаншама әріптесіміз бар. Атақтар мен сыйлықтарға со­лардың әр­қайсысы-ақ лайық­ты. Зор еңбек­пен бір баспал­даққа көтерілсеңіз, төккен тердің  қайтарымы болып тұратынына көзім жетті.
– Бұл сыйлыққа қандай баға берер едіңіз: жеке еңбегіңіздің үлесі көп пе, әлде театр ұжымының көмегі  ерекше ме?
– Әрине, әнші, ақын, сазгер, суретші жеке еңбегіне сай атақ алуы мүмкін. Ал біздің салада бір адам жұрт аузына іліксе, сол жетістікке жеткізетін, демейтін ортамыз бар. Бұл – ең алдымен, ұжы­мның жетістігі. Жеке жүріп, ойнаған басты рөл­деріңе тоқ­мейілсіп, «қандай атаққа да лайықпын» деуге болмайды. Театрда жүріп қандай биікке шықсаң да, көрерменнің көз алдында. Ғ.Мүсірепов театрына кел­геніме 9 жыл өте шы­ғыпты. Содан бері азды-көпті рөлдер ойнадық. Сахнада әріп­тестерім мені өсірді, олардың өсе түсуіне өзім де үлес қоса түстім деп ой­лаймын.
– Биыл жастар театры 70-маусымын ашты. Театрға қандай тың дүниелер керек?
– Еңбек демалысында жүрсек те, кинотүсірілімде жүрсек те көңілімізде, ойы­мызда үнемі театр тұрады. Театр үнемі ізденісте, жаңа­лықтары көп болу керек. Қазіргі дамыған заманда, технологияның жаңасы бірінен кейін бірі шығып жатқан уақытта үздіксіз ізденіс үстінде болуымыз керек. Қатып қалған қағи­дамен ғана емес, әлем клас­сиктері мен өзіміздің отандық классиктердің шығармала­рын жаңа көзқараспен қойып, дамытып отырғаны­мыз жөн дер едім. Біз балалар театры болғандықтан, кіш­кен­тай­ларға арналған тың дүние­лер көбірек болса деймін. Қазір электронды ақпарат құрал­дарында театр ар­тистеріне насихат аздау. БАҚ театрды көп насихаттаса деймін. Театрды түсінген адамның ой-өрісі, қарым-қабілеті өзгеше болады. 70 жылдық тари­хы­мыздан сабақ алып, бола­шағымызды ба­ғамдап, театрға тың дүниелер  мен көрерменді  молынан тартатын қойылым­дар әкелу қажет.
Сұхбаттасқан
Гүлназ Әділғалиқызы

Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/articles/show/18683-ba_yt_tushaev_aza_stan_zhastar_oda_y_serper_syily_yny_laureaty_r_akterd_zheke_zhet_st_g_zhymny_zor_e

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ. Мүсірепов театры «Райымбек! Райымбек!» спекталін қояды

admin

snowboarding is a thrilling sport in the mountains

admin

admin