Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Бүгіннен – болашаққа

03062015Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» атты баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет жоспарына байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, ойласу үшін алқалы жиын өткізді.

Театр ұжымы түгел қатысқан бұл жиын қызу әңгіме мен қы­зықты пікір-ұсыныстарға ұласып жатты. Алқалы жиынды театрдың көркемдік жетекшісі Мұрат Ахманов ашып: – Елбасымыз атап көрсет­ке­ніндей, біз осынау ортақ игі мақсатқа бірігіп, ел үшін, бола­шағымыздың мықты тірегі – «100 нақты қадам» үшін, жарқын елдің жарқын азаматтары ретінде атсалысуымыз керек. Елбасымыз өз Жоспарында тоқталған барлық мәселелерге көз жібере отырып, бүгінгі Қазақстанымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыда жан-жақты өсіп-өркендей беретініне және бағдарламада атап көрсетілген барлық көкейкесті проблемалардың шешім табарына сенемін. «100 нақты қадам» даңғылында лайықты ғұмыр кеше білу әрбіріміздің азаматтық парызымыз, – деді. Сәбит Әбдіқалықов, театр­дың директоры: – Әсіресе, ұлт болашағы – біздің жастарымыз үшін бұл бағдарламаның алатын орны мен маңыздылығы ерекше. Мемлекеттің кәсібилігін арт­тыру, заңға пәрмен беру, индус­трияландыру және экономикалық өсімді арттыру, «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін», дейтін бірлікті нығайту, міне, осындай қазықтай қағылған қағидаларды қалтқысыз орындау елдің азаматымын деген барлық адамға міндет-парыз. Тіпті, «100 нақты қадамның» бағытында сахналық қойылымдар қойып, үгіт-насихат шараларын да өткізуге болады. Бақыт Беделхан, театрдағы әдебиет бөлімінің меңгерушісі: – Мемлекет басшысы бұл реформаларды жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен қатар, бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жоспары деп атады. Елбасы аталмыш жобаға «Ұлт жоспары» деген атау беріп, алдағы 10-15 жылдықта жүзеге асырылуы тиіс басты міндет екенін айтты. Театр ұжымы да осындай ел болу жолындағы келелі іске өз үлесін қосу керек. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын балалар мен жасөспірімдердің зердесіне салып, Мәңгілік Ел құндылықтарын жастарға насихаттап жеткізу, ұғындыру – ол бәріміздің міндетіміз. Райхан Қалиолдина, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: – Әлем бүгінде дағдарыс үс­тін­де. Мұндай сындарлы кезең­­де Елбасының ұлт ке­ле­шегі, мемлекет болашағы үшін нақты іс-шаралардың бағ­дарын ­көрсе­туі көңілге қонарлық жайт. Жыл сайынғы Елбасының Қазақ­стан халқына Жолдауында ­алда­ғы атқарылар шаруалар ­зерде­леніп келсе, Ұлт ­жоспары – бұл мемлекетімізді кемеліне ­кел­тіретін реформа деп есептеймін. Роза Әшірбекова, актриса, Қазақстанның халық әртісі: – «Үлкен ел – үлкен отбасы» дейді Елбасы. Қаншама ұлт пен ұлыстың басы қосылған қазақ жерінің тұтастығы сол отбасымен байланысты. Бір үйдің баласындай, бір ұяның балапанын­дай болып өмір сүру қазіргі заман жастарының бақыты. Кешегі форумда қаншама елдің басшылары, оқымысты ғалым, саясаткерлері Қазақ мемлекетінің жеткен жетістігі мен асар асуларының талайды әлі таңғалдыратыны жайлы айтып жатыр. Ендеше, кешегіңді ұмытпа, келешегіңді ұлықта. Заман жастардікі дейміз. Президентіміз осының бәрін сол жастар үшін, жарқын болашақ үшін жасап жатыр. Лидия Кәден, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: – Астанамыз – Қазақстанның ғана емес, Азияның жүрегі, Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы ретінде Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырып жатса, ол дегеніңіз, кешегі ата-бабаларымыз армандап өткен асыл мұраттарымыздың орындалып жатқаны емес пе?! Жалпыға ортақ еңбек қоғамына лайық еңбек етіп, елдің болашағы үшін бүгінгі міндеттерді жүзеге асырайық. Балтабай Сейітмамытұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: – Елбасымыздың «100 нақ­ты қадам» жобасы Тәуелсіз мем­лекетіміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылуына біртабан жақындап, болашағымыздың жарқын болуына үлкен сеніммен қарау деп білемін. Жоғары оқу орындарын тә­мамдаған жас мамандар мем­ле­кеттік қызметке тұру үшін, көп жағдайда таныс-тамырларының көмегіне жүгініп жатады. Бұл жайында естіп жүрміз, баспасөз беттерінде де аз жарияланып жатқан жоқ. Ал бұл реформаның кадрлар мәселесіне үлкен мән беруі – көңіл қуантар жағдай. Сағат Жылгелдиев, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі: – Елбасымыздың «100 нақты қадам» жоспары елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді деп ойлаймыз. Оған күмәніміз жоқ. Өйткені, біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін алға қойып, ол жетістікке қол жеткіздік. Дүниежүзілік институттар барлық көрсеткіштер бо­йынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған жоспар дамыған 30 елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан нық қадам деп айтуға болады. Әр қадамының өзі қара жерге салмақ болатын 100 қадамның Есім ханның ескі жолы, Қа­сым ханның қасқа жолы, Нұр­сұл­танның нұрлы жолы болып жалғасып жатқанын театр ұжымы мақтанышпен айтып, әсерлерімен де бөлісті. Жиын аяғында театрдың ұжымы мен басшылары бір­лесе отырып, «100 нақты қа­дам» бағытында сахналық қойы­лымдар қойсақ деген пікірге келді. «Мәңгілік Ел», «Нұрлы бола­шақ», «Елдікке де ерлік керек» деген тақырыптарды елеп-екшеп министрлікке ұсынды. Майя ӘДІЛХАН, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс менеджері. АЛМАТЫ.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/06/03/65056

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәртебелі театр сүйер көрермен! 1-қараша күні сағат 17.15-те “Кейіпкер келбеті” мейман бұрышы кезекті қонақтарымен сыр-сұхбат жүргізуге шақырады! Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты -Данияр Базарқұлов жəне Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты – Жанар Мақашеваға қояр сұрақтарыңыз, білдірер пікірлеріңіз, тілек-лебіздеріңіз болса, театрда жүздесейік!!!

admin

Премьера! Ғ.Мүсірепов театрында «Сең» драмасы қойылады

admin

Қазақтілді театр көрерменге алғаш рет аудиоқойылым ұсынды

admin