Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНА ДИРЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Белгілі актер Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып тағайындалды. Бұл туралы аталған театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ақ-Зия Жайлы Facebook-гі парақшасында жазды.

 «ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен: талантты театр және кино актеры, білікті продюсер, танымал тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директорлық қызметке тағайындалды», — деп жазды ол.

Сонымен қатар ол, бұл ұжымды төрт жыл басқарған бұрынғы директор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов жаңа қызметтік орынға баратындығын да айтқан.«Ұжымның әрбір мүшесінің қамын ойлап, шығармашылық пен басқаруда жан-жақты жанашырлық ұстаныммен іс қыла білген Сәбит Әбдімүтәліұлына абыроймен атқарған қызметтеріне алғыс айта отырып, барған жеріңізге бақ орнатыңыз, жолыңыз болсын!, дейміз. Ал, жаңа басшының алдағы қызметіне мол сеніммен, табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз!», — деп жазды А.Жайлы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” 2015 жылдың 20-қарашасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған “Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру” атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Театрымыздың бірқатар дарынды артистері театрландырылған көрініс көрсетіп, көптің ризашылығына бөленіп қайтты. ‪#‎қазақхандығына550жыл‬

admin

Актриса, әнші, тележүргізуші “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Айгүл Иманбаеваны, осы маусымда репертуардағы театр қойылымдарынан көре аласыздар.

admin

“Таңшолпан” бағдарламасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тынышкүл Сұлтанбердиева. Бенефис мерейтой.

admin