Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • ВИДЕОГАЛЕРЕЯ
  • Қазақ әйелдерінің мәдени мұрасын зерттеу және олардың қоғам дамуына қосқан үлесі: Қазақстанда Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шаралар өтуде
ВИДЕОГАЛЕРЕЯ Министрліктің жаңалықтары ФОТОГАЛЕРЕЯ

Қазақ әйелдерінің мәдени мұрасын зерттеу және олардың қоғам дамуына қосқан үлесі: Қазақстанда Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шаралар өтуде

«Ұлттық мұра» жобасы аясында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық архивінде қазақ халқының зергерлік өнері мен оның мәдени мұрамен байланысына арналған «Әйелге әсемдік жарасады» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ұлттық қолданбалы өнер мен сән әлемінің жаңа толқыны үйлесім тапқан құнды жәдігерлер, архивтік құжаттар, ғылыми зерттеулер қойылды.

Көрменің ең құнды жәдігерлерінің бірі – XIX ғасырдың басында жасалған күміс белдік пен Ресей архивінен табылған сол белдікті тағып түскен әйел адамның суреті. Сонымен қатар, қазақ зерттеушілерінің, соның ішінде Ақселеу Сейдімбектің ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар мен асыл тастар туралы қолжазба зерттеу еңбектері көрермен назарына ұсынылды.

«Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, этнографтар, филологтар, әдебиеттанушылар, кинематографистер, суретшілер және музей қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына XIX-XX ғасырлардағы қазақ әйелдерінің өмірін бейнелейтін архивтік фото және бейнематериалдар көрмесі ұсынылды. Экспонаттар қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург және Гамбург этнографиялық музейінің архивтерінен алынған бірегей құжаттар бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Қыз Жібек» жəне «Атаманның ақыры» көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл

admin

Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына іс-сапармен келді

admin

Начато строительство объектов административно-делового и культурно-духовного центров Туркестана

admin