Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары ФОТОГАЛЕРЕЯ

Аида Балаева ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті. Кездесу Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының туристік және мәдени астанасы Алматы қаласында өтті. Бұл мәртебе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезде бекітілді.

«Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы берік қарым-қатынастың негізі мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық екенін бірнеше рет атап өтті. Шанхай ұйымы Еуразия құрлығындағы он мемлекетті біріктіреді, онда планета халқының жартысына жуығы тұрады. Біздің халықтарымыздың мәдени әртүрлілігі мәдени алмасу мен мәдениет саласында керемет перспективалар ашады”, – деді министр.

Ведомство басшысы 15 мамырда өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері кездескен 21-ші кеңесте бірлескен жұмыстың аралық нәтижелері қорытындыланып, перспективалар талқыланғанын еске салды.

Атап айтқанда, мәдени байланыстың табысты тәжірибелерінің бірі – «мәдениет күндері» мен бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу.
Мәселен, 2022-2023 жылдары Қазақстанда Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның мәдени күндері, сондай-ақ Ресейде, Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері сәтті ұйымдастырылып, өткізілді. Биыл Тәжікстан мен Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.

Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасының 10 жылдығына арналған көшпелі көрмеде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорынан сақ-үйсін дәуірінің экспонаттары ұсынылды. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстаннан келген және қазақстандық 48 шебердің қатысуымен «Ұлы Жібек жолы бойындағыға тоқыма және зергерлік өнер» халықаралық жәрмеңкесі өтті.

Министр ШЫҰ қолдауымен осы тәжірибені жалғастыру мәдениеттер мен халықтардың одан әрі байланысына ықпал ететініне сенім білдірді.

2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «ШЫҰ-ның киелі орындары» жобасы қолға алынды, оның аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті ойшыл Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Министр Бас хатшының назарын ШЫҰ-ға қатысушы елдер иеленетін мәдени мұраның бай әлеуетіне аударды және ШЫҰ мандаты шеңберінде осындай бірегей орындар туралы мүмкіндігінше көп ел азаматтары білуі үшін неғұрлым кең мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізуді ұсынды.

Креативті индустрияларды дамыту – үлкен әлеуетке ие маңызды бағыттардың бірі.

Өз кезегінде Чжан Мин министрдің барлық ұсыныстарын қолдауға және оларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Соңында Аида Балаева ШЫҰ Хатшылығына мәдени тұрғыда танылуға атсалысқаны үшін және қатысушы елдер арасында диалог құруда бірлескен жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Начато строительство объектов административно-делового и культурно-духовного центров Туркестана

admin

Ақтоты Райымқұлова заңға «басым туристік аумақ» ұғымын енгізуді ұсынды

admin

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтті

admin