Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

“Қазақ елі” анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

12 желтоқсан, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды “Қазақ елі” анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді.

 Сценарий авторы – Сағаділдә Үсіпәлиев

Бақытжан Аманәліұлы

Сәбит Әбдіқалықов

Бас продюсері – Сәбит Әбдіқалықов

Әдеби кеңесші – Дулат Исабеков

Көркемдік кеңесші – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Тарихи кеңесші – Жамбыл Артықбаев

Бұл фильм – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап, бүгінгі жастарымыз бен келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мен елін, жерін сүйетін нағыз азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында түсірілген.

Туындыда болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағынан есею жылдары туралы, шайқастың айла-тәсілі мен ғылымды меңгерудегі ізденістері, бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендері баяндалады.

Картинадағы кейіпкерлерді Жомарт Зейнәбіл, Әсет Иманғалиев, Руслан Ахметов, Ербол Садырбаев, Нұргүл Мыңғатова, Бейбіт Камаранов, Толқын Нұрбекова, Дархан Сүлейменов, т.б. театрымыздың артистері дыбыстады.

Баспасөз бөлімі: 273-22-48, 8-747-262-27-53, Гүлназ 8-702-601-15-57.


Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/kazak_eli_animatsiyalik_filminin_kaiirimdilik_korsetilimi_otedi20161206_175100

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚОЗЫ МЕН БАЯН БОЛЫП ТАБЫСҚАН…

admin

Сәуір айының 17-і күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  жанынан  құрылған ведомстволық бағынысты мәдени ұйымдарының қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті.

admin

Жанар Мақашева «ЕРЕН ЕҢБЕГІ» медалімен марапатталды

admin