Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары

Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Ол 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы» ЮНЕСКО көлемінде тойланады

admin

«Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетінің таныстырылымы өтті

admin

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтті

admin