Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Ол 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

Сәйкес жаңалықтар

ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ

admin

Алматинский Театр юного зрителя открыл свой 70-й юбилейный сезон – See more at: http://www.31.kz/video/show/id/9829#sthash.xsVbBXC6.dpuf

admin

3 қараша күні театр директорының бірінші орынбасары, театр өнерінің өсіп-өркендеуіне орасан үлес қосып жүрген нағыз азамат – Есеналиев Талғат Қамқабайұлының туған күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Əрдайым жұлдызыңыз жоғары, шығар тауыңыз биік, мерейіңіз үстем болғай!

admin