Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«ҚАРАГӨЗ» БАКУ ҚАЛАСЫНДА

Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы мәдениеті күндері Баку қаласында желтоқсанның 2-5 күндері аталып өтеді.

Еліміздің этно-фольклорлық өнер, бейнелеу өнері сынды ерекше үлгілері дәріптелетін мерекеде отандық театр өнерінің туын көтеріп, ұлттық классикалық туындыны насихаттау мақсатында «Қарагөз» (авт.:М.Әуезов, реж.:Ф.Молдағали) қойылымын әзірбайжандық көрерменге ұсынбақпыз!

Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театры
3 желтоқсан, 18:00

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

6-желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов театры мен “Тамшы” ғылым жəне мәдени қоры бірлесіп, “Тарихын тасқа таңбалаған – Қазақ елі” атты театрландырылған кеш өткізді. Мерекелік бағдарламада ұлттық салт-дəстүріміз бен тарихымызды жəне отаншылдықты дəріптейтін арнайы театрландырылған қойылымдар, дәстүрлі əн-күйлеріміз бен ұлттық билеріміз орындалды.

admin

Театрымыздың актрисасы Анар Əділованы үшінші рет ана атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Сәбиінің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын!!!

admin

Халықаралық театр күні мен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестивалі басталды

admin