Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қара шекпен һәм Тұзар

Ит адамның сенімді серігі, адал досы екені бағзы заманнан бері белгілі дүние. Ол адамнан ештеңе күтпестен оған барынша көмектесіп, әркез жанынан табылатын жолдасы. Итпен бірге аңға шыққан, итпен бірге қуанышқа кенелген азамат үшін оның орны ерек.

ҚОҒАМНЫҢ  «ҚАРА ШЕКПЕНІ» …

«Қара шекпен» спетаклі − жануар образын ұтымды пайдаланып, қоғамның, адамның қасіретін көз алдыңызға әкелетін спектакль. Адам мен иттің достығы әлі де жалғасып келеді. Бірақ, біз өмір сүріп жатқан қоғам бұрынғыдан басқаша, тіпті, мүлде ұқсамайды. Орыс халқы итті адамша аялайтынын көп айта беріп, оның қадірін жоғалтып алмадық па?  Ит жеті − қазынамыздың бірі әрі бағалысы. «Итің дос болғаны жақсы, досың ит болмасын», − деген түсінік біздің көзқарасымызды өзгерткендей.

Шындығында, қоғамына қарай адамы емес, адамдар жаңа қоғамды қалыптастырады. Қоюшы−режиссері талай жүрекке жеткен спектакльдерді қойған, тәжірибелі, көпке танымал Асхат Маемиров мырза, Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Сәния Ерзат, Еділ Рамазанов сынды  тағы басқа талантты актерлерден құралған шығармашылық топтың еңбегі еленуде.

ДАНИЯРДЫҢ  ТҰЗАРЫ

Тәуекелді танысына балаған Тұзар−төбеттің рөлін Данияр Базарқұлов жоғары деңгейде алып шықты. Әрине, ол үшін көп ізденіс, дарын, еңбек пен қызығушылық керек екені белгілі. Данияр актердің бойынан осы қасиеттердің бәрі орын алғандығы сондай, көрерменнің көзіне жас ұялатты.

Спектакльдің басында, жайлаудағы мамыражай тіршілік бейнеленген. Шопанның бір қора қойы, жайлаулық жері, тіпті, еңбегі адал есегі және Тұзар атты сенімді иті бар. Қожайынның көңілі тоқ. Жайлауда да өмір жақсы. Қашаннан да ізгілік жүрген жерде зұлымдыққа да орын дайын.

ҒАШЫҚТЫҢ ДЕРТІ МЕҢДЕДІ

Шопанның қойларын аш қасқырлар торуылдап жүреді. Бір түні аңқау қошақанға қасқыр тимекші болғанында, «ержүрек» Тұзар оны құтқарып қалады. Бірақ, өзі жараланады. Тән жарасы түк емес, жаны да жараланған төбет ғашықтық дертіне ұшырады. Кімге ғашық дейсіз бе? Қасқырға! Қас жауына. Тұзарды арлан қасқырмен еріп келген кербез қаншық  қасқыр баурап алды. Қожайыны Тұзарға ризалығын білдіргенде ол алдынғы аяғын кеудесіне қойып, жауап беретін. Мойынында өлгенше шешпеуге серт еткен қарғыбауы бар. Қойылымның ерекшелігі жануарлар бір−бірін түсініп, тілдесе алуында. Жабайы әрі аш жануарлар Тұзарды ақыры тұзағына түсіріп тынды. Сол түні адал төбет үй қорымады, қойлар қараусыз қалды. Дегенмен, оларға төнген қауіптің қақ ортасында Тұзар түнеп шықты емес пе? Қожайынын сата алмайтын, бірақ, сүйіктісін де қимайтын итке таңдау құқығы берілген еді. Ертесі шопан жайлаудан көшетінін айтып, жүктерді жинастыра бастады. Бұл Тұзарға соққыдай әсер қалдырды. Не істеу керек? Қалу керек , қалмау керек? Бару керек, бармау керек? Қалса сатқын болады, қалмаса қашқын болады! Басқа амал жоқ. Не керек, олар көшті, ит те ілесті. Бірақ, қожайыннын «Қара шепені» жұртта қалып қойды. Соны алуға келген Тұзар тұзақтан шыға алмай қалды. көш те алыстап кеткен еді. шопанның жылы әрі қимас шекпенін хайуандардан қорғаған Тұзар бір жылға жуық нәр татпай, әлсіреп, қартайып иесінің келеріне сеніп, оны күтті. Келмеді. Үміт те үзілмейді екен. Арып−ашқан хайуандар өз басымен қайғы болып кетті. Ал Тұзар әлі күтуде.

АҚТАЛМАҒАН  СЕНІМ

Көп күткен кездесу күні де келді. Қожайын қойлармен жайлауға келді. Тұзардың төзімін бағалайтын салтанатты сәтті көруіге бүкіл жануар жиналды. Ал итті адам танымақ түгіл, елегісі де келмеді. Оған қартайған, әлжуаз, сатқын иттің керегі жоқ екен. Тіпті, қожайынның қара шекпені болмаса тәбеті қысқы аязда әлдеқашан көз жұмғандай екен. Мұны қожайыны айтты. Көңілі қалған Тұзар қарғыбауын шешіп, оған тапсырды. Енді ол адалдыққа, мейірім мен ізгілікке сенбейді. Күткені үмітін ақтамады.. Теріс айналды. Төбет те теріс қарап төбені бетке алғаны сол екен, қожайын оны мылтығымен атты, бір емес, екі рет. Ол өмірмен, аяулы өмірмен қоштасар сәтінде жануарлар «Сен кімге қызмет еткенсің?», − деп жазғырды. Тұзар Адамға қызмет еткен еді. Адамға! Адалдықты ұғатын, арамдыққа араша болатын адамға… Оның қожайыны енді адам емес еді.

ҚАЗАҚТЫҢ  ХАТИКОСЫ

Күту қашан да қиын. Ешкімді, жақсылықты күтпей өту одан да қиын! Иесіне адал ит туралы тәмсілдер көп. «Қара шекпен» әфсана ғой. Хатико атты ит жайлы фильм түсіріліп, бәріміз тамсана тамашаладық. Профессордың иті оны автобус станциясына дейін шығарып салып, күн сайын күтіп алады екен. Бірақ, иесінің жүрегі сыр беріп дүниеден озады. Ит болса күн сайынғы әдетпен қожайынын күтуден жалықпайды. Жеті жыл бұрын қайтыс болған иесін әлі күтіп жүрген ит туралы жаңалықтар да болды. Адал әрі ақылды итке ескерткіш орнатылып, ашылу рәсіміне иттің өзін апарған жапондықтар оның адалдығын ерекше бағалаған деседі. Біздің Хатикомыз Тұзар, ағайын. Тұзарға ескерткіш қоймақ түгіл, қожайыны өз қолымен өлтіргені өкінішті.

Қоғам қандай болса да, адам өзгермеуге тиіс! Ит − адамның досы! Адам оның қорғаны болсын деген тілек бар.

Әлия Іңкәрбек

«Алауинформ»

Ақпарат көзі: http://alauinform.com/2546

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

https://egemen.kz/article/180487-aktrisanynh-analar-galereyasy

admin

admin

ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ ҰСЫНАДЫ

admin