Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Апалы-сіңлілі үшеу» (Драма)

admin

Авторы: А. Чехов
Аударған: Ә. Бөпежанова
Режиссері: Ф. Молдағали

«Апалы-сіңлілі үшеу» (Драма)Ғасырлар бойы адамзат баласымен етене жалғасып келе жатқан түрлі: рухани тоқырау, таным қайшылықтары, өзге де кереғар мәселелер спектакльде жалпы қоғам бейнесін сипаттай түседі.
Қайткенмен, басты кейіпкерлер бастарында өзіндік драмалары бар. Өмір мәнін зерделеу, қоғам құндылықтары мен адами мұраттар қойылым бойынан көрініс табады.
Мұндай қойылымның репертуарда болуы, жастар мен жасөспірім ұрпақ үшін маңызы зор. Пәлсапалық астарға толы сахналық туынды көрерменді бей-жай қалдырмайды.