Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы.

Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқор алақанға зәру қаншама қаракөз бүлдіршіндер бар. Жаңа жыл қарсаңында оларға қуаныш-шаттық сыйлау – әрқайсысымыздың басты міндетіміз деп білеміз.

_DSC0002(1) DSC_7331

Осы орайда, бүлдіршіндерімізді қуантып, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Томпақпен келген Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық ертегісін ұсынды. Ертегінің шарықтау шегі жасыл шырша жанында жалғасып, Аяз ата, Ақшақармен бірге Томпақпен келген Жаңа жылды қарсы алды.

DSC_7397 DSC_7415

Жаңа қойылым екі тілде бірдей балаларды бақытқа бөлегенімен, басты мақсаты – баланың тілін табу болды.

Жаңа жылдық шыршаны тамашалауға келген бүлдіршіндеріміз бен ата-аналардың қуанышында шек болған жоқ.

Періште жүрек балапандарға арналған Жаңа жылдық тартуымыз желтоқсанның 30-на дейін жалғасын табады.

DSC_7488 DSC_7452

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/cultcenter/post/556

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алла берекесін берсін. Бүгінгі күнге дейін еткен еңбектің жемісі. Ал бізді ертең жаңа белестер тынымсыз еңбек пен үздіксіз шабыстар тосып тұр. Жалын тартып мінген өнер атты тұлпардың тұяғы тозбасын. Жаратқан нәсіп еткен жақсылықтардың тізбегі үзілмесін. Серпер.ден серпін алып, сапырылысқан сан айқастарда сағымыз сынбасын. Құдай құтты қылсын.

admin

Театр менің бірінші үйім

admin

Алматыда балалар спектакльдерінің фестивалі өтеді

admin