Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алматыда «Бір түп алма ағашы» драмасы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. Алматыдағы Жастар театрында «Бір түп алма ағашы» драмасы аншлагпен өтіп жатыр. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа қойылымы көрермендер көптеп баратын спектакальдердің қатарына қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

31-01-2016-teatr-5 31-01-2016-teatr-4 31-01-2016-teatr

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, талантты режиссер Мұрат Ахмановтың кезекті жұмысы театр қауымдастығының көңілінен шықты. Мұрат Ахманов бұған дейін бірнеше спектакльді осы театрдың төрінде сахналап, сәтті пьесалардың  режиссері атанған болатын.

Әлімбек Оразбековтің драматургиялық шығармасына қойылып жатқан спектакль театрдың жас актерлерін ғана емес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаева, Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сә Рақышев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдина сияқты сахна саңлақтарын көрермендерімен қайта қауыштырды.

Премьерасы жүріп жатқан сахналық қойылымда Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Әсет Иманғалиев, Қуаныш Тұрдалин, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рахман Омаров, Ербол Садырбеков сынды өнердің бел баласына айналып үлгерген жандардың ойыны көрермендер көңілінен шығуда.

Қол арбаға таңылып, мүгедектіктің тақсыретін тартқан Мақсат рөлін Дархан Сүлейменов, Әсет Үмбетбаев сияқты жұлдызы жанып келе жатқан жастар сәтті сомдауда.

Дерек, сурет: egemen.kz.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2016/01/31/21184

Сәйкес жаңалықтар

86 жылғы оқиға – Қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің нүктесі іспетті. Сол нүкте қойылып, елімізде бейбіт, тыныш заман орнады. Тәуелсіз ел болдық. Өз басшымыз, өз туымыз, өз әнұранымыз болды. Сол оқиғадан кейін қазақ дейтін өр халықты танитын болды әлем. Құрметтейтін, бас иетін болды. 86 жылы алаңға шыққан сол кездегі жастар – қазірде ұрпағын Тәуелсіз елде тәрбиелеп отырған бақытты жандар десек те, ол оқиға бұл кісілердің жүрегіне өшпес жара салған, ең қорқынышты да, қиын кезең болып естерінде қалып отыр. Жазықсыздан жазықсыз, қыршыннан қиылған жап-жас жолдастарынан көз алдында айрылып қалу – ешқашан ұмытылмаса керек. Наркомандар, бұзақылар деп түрмеге жапқанда, жазықсыз екендіктерін дәлелдей алмай ашынған шығар. Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсiздiк үшiн күрескен аға-әпкелерiмiз, атап айтсақ, Республикалық “Желтоқсан-86″ Тәуелсiздiк қырандары” Халық қаһармандары қозғаласы төрайымы – Жүнiс Гүлбаһрам Есмұратқызы, “Желтоқсан-86” Республикалық тәуелсiздiк күрескерлерi – Сейтiмбет Үсiпхан ағамыз бен Сейтiмбет Гүлнар апамыз бүгiн #КейiпкерКелбетiмейман бұрышында қонақ болып, көрермендердiң сұрақтарына жауап бердi. Кездесуден естелiк суреттер.

admin

Әмина Өмірзақованың туғанына – 100 жыл

admin

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» драмасы жаңаша мақамда сахналанды

admin