Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда «Қазақ елі» анимациялық фильмі мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілді

20161212173522 20161212173506 20161212173459 20161212173454 20161212173450 20161212173446АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналып толықметражды «Қазақ елі» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ мультипликациясының тарихындағы тұңғыш толықметражды «Қазақ елі» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімінде сөз сөйлеген фильмнің продюсері және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов шараның басты мақсатын айтты.

«Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын жан жақты тойлауымыз керек. Жас ұрпаққа мағыналы дүниелерді көрсету, олардың санасында Тәуелсіздікке деген құрметті оятары сөзсіз. Бұл анимациялық фильм Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып жасалғанымен ел тәуелсізідігінің 25 жылдығында да көрсетіліп отыр. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға тегін көрсетіп отырмыз. Туындыда Керей мен Жәнібектің ерлігі көрсетілген», – деді Сәбит Әбдіхалықов.

Ол сөз сөзінде «Қазақ елі» анимациялық фильмін аталған театрда көрсетудің негізгі себебін айтты. «Біздің театрдың 10 актері «Қазақ елі» анимациялық фильмін дыбыстауға қатысты. Фильмді таратуды арналармен келісіп жатырмыз. Сатыбалды Нарымбетов бастаған кино мамандары бұл анимациялық фильмге жақсы бағасын берген», – деді Сәбит Әбдіхалықов.
Ақпарат көзі: http://www.inform.kz/kz/almatyda-kazak-eli-animaciyalyk-fil-mi-mumkindigi-shekteuli-balalarga-korsetildi_a2979217

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ПРЕМЬЕРА

admin

Құрметті театр сүйер қауым! Тəуелсіздік күні қарсаңында театрымыздың актрисасы Айгүл Иманбаева Елбасының қолынан “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын алды! Шын жүректен құттықтаймыз!

admin

Театрымыздың артисі, театр сүйер көрерменге өзінің сан түрлі керемет рөлдерімен танылған актер – Еділ Рамазанов “Жаңа күн” бағдарламасында қонақта. #Хабартв #Жаңакүн

admin