Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда “Аманат” концерт-спектаклінің премьерасы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді.
Бұрын – соңды болмаған бұл шара – Құрманғазы оркестрінің басқа концерттерінен ерекше, себебі атаулы жобаға театр актерлері де өз үлестерін қоспақшы. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған тың жоба көрермендерге тек ғана оркестрдің орындауындағы танымал шығармаларды тыңдатып ғана қоймай, музыка арқылы қазақ халқының тағдырына үңілуге мүмкіндік береді.
Ерекше бағдарламалы концерт-спектакльдің дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген. Сценарий авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы – Ақзия Көлбаева. Қоюшы режиссер – актер Данияр Базарқұлов.

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/blogs/25485/?img=http%3A%2F%2Fmassaget.kzhttps%3A%2F%2Fmassaget.kz%2Fuserdata%2Fblogs%2Fblogs_25485%2Fimage_l.jpg&fbclid=IwAR0hPzX6UkR_LFObNgH_mYEBoNBg3Xo45-MbPBNWTDAbD0Do2o1z7RF1nBg

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бүгінгі “Кейіпкер келбеті” бұрышының қонағы, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты – Данияр Базарқұлов көрермендермен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Бүгінгі кездесу бұрышының екінші кейіпкері – Жанар Мақашева белгілі бір себептермен қатыса алған жоқ. Барша көрермендерден кешірім өтінеміз.

admin

Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы театрда криминалды драманың тұсаукесері өтті

admin

Ғ.Мүсірепов театры талантты артистер шоғырланған мықты ұжым ғана емес, талапты спортшылар жиналған ұжым екенін тағы бір дәлелдеп берді. ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ Хабар телеарнасы “Жаңа күн” бағдарламасының арнайы ұйымдастыруымен өткен, Алматы қаласындағы өнер ордалары арасындағы Волейбол жарысында театрымыз I орын иеленгенін қуанышпен, мəртебемен мақтана жеткіземіз!

admin