Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Алматыда «Абайдан аманат» концерт-спектаклінің түсірілімі басталды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен «Абайдан аманат» концерт-спектаклінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақтың ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр. Тың жобада актерлердің қойылымы оркестр музыкасымен сүйемелденіп, көрерменге ақынның тағдырына шынайы түрде үңілуге мүмкіндік береді.

«Абайдан аманат» Абайдың бала кезінен үлкейген шағына дейінгі қойылымдардың барлығы осы жерде қойылады. Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуімен және Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың актерлары ойнауыменен екі мекеменің бірлескен шарасы. Бұл енді телевизиялық жоба болған соң, жуырда Абай телеарнасынан көрсетілетін болады», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Концерт-спектакльде Абайдың бала кезі, алғашқы махаббаты Тоғжанға ғашық болуы, сондай-ақ Біржан салмен кездесуі сияқты ақынның өмірінен үзінділер көрсетіледі. Ұлы сазгердің әндері мен қара сөздеріне де баса назар қойылған. Қойылымда «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалып, Қорқыт пен Құрманғазының күйлері тартылды.

«Бұл жерде баланың көзқарасымен, бала жаңағы қиял-ғажайыпқа еніп кеткен кезде жас Абайдың біз шабыттанған кезін көрсетеміз. Оның Тоғжанға ғашық болуы, онымен кездесуі және оған ән арнауы. Бұның барлығы режиссерден, менен шыққан фантазия. Одан кейін әжесі Зереге еркелеуі, оны қалай жақсы көретіндігі, әжесінің немересіне деген махаббаты көрсетіледі», – деді Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жобаның режиссері Данияр Базарқұлов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Қайырлы күн” бағдарламасы. “ОЛ” моноспектаклін барып көрдіңіз бе?

admin

«ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛГЕН ЕДІ»

admin

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Маңғыстауда

admin