Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

Кеңес және қазақ театр және кино актрисасы Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 81 жасына қараған шағында қайтыс болды. Актриса 5 қараша күні таңертең қайтыс болған. Бұл туралы Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік  балалар және жасөспірімдер театрының баспасөз хатшысы Ернат Ысқақ хабарлаған. Раиса Мұхамедиярова аталған театрда 1995-2002 жылдар аралығында қызмет атқарған.

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауданында туған. Кеңес және қазақ кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (1990). “Құрмет” орденінің иегері. “Менің атым Қожа” қазақ киносының алтын қорынан орын алған балалар фильміндегі Майқанованың рөлін сомадаған танымал дарынды артист. Бұдан бөлек актриса 1961 жылы “Сплав”, 1963 жылы “И в шутку и всерьез”, 1968 жылы “Балалық шаққа саяхат”, 1977 жылы “Однажды и на всю жизнь”, 1985 жылы “Бұғы адам”, 1987 жылы “Айсұлу туралы ертегі”, 1990 жылы “Түнек әміршісі” және тағы басқа фильмдерге түскен.

1964 жылы Раиса Мұхамедиярова қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8  жыл отбасылық өмірінде олар Мүсірепова Гаухар Ғабитқызы және Мүсірепова Гүлнар Ғабитқызы атты перзент сүйген.

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/59538/

Сәйкес жаңалықтар

Құрманғазы оркестрі мен Мүсірепов театры көрерменге концерт-спектакль ұсынды

admin

В Государственном академическом театре для детей и юношества им. Мусрепова скоро состоится премьера спектакля молодого драматурга Олжаса ЖАНАЙДАРОВА «Душа подушки»

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театрымыздың актрисасы – Әсел Мәмбетованы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!!

admin