2026 жылғы 11 маусым күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өз тарихында алғаш рет спектакльдің тікелей эфирдегі көрсетілімін ұйымдастырды. Көрермендер театр репертуарындағы сүйікті қойылымдардың бірі – «Махаббат, қызық мол жылдар» (авт.: Ә. Нұршайықов, реж.: Ф. Молдағали) спектаклін театрдың ресми YouTube арнасы мен Instagram парақшасы арқылы онлайн тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Тікелей эфир сәтті жүзеге асырылды және алдағы уақытта жүйелі жалғасын табады.
алдыңғы

