Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ғабит Мүсірепов атындағы театр Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17-20 сәуір аралығында Павлодар қаласында үздік қойылымдарын қоймақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары Дәурен Әділ алматылық қонақтар 5 қойылымын паш ететінін айтты.

– Ғабит Мүсірепов атындағы театр төрт күн бойы көрерменнің назарын аудармақ, – деді Дәурен Әділ. – Бүгін алғашқы қойылымдарын «Жусан исі» драмасымен бастауда. 17-20- сәуір аралығында «Әріптер әлеміне саяхат» танымдық ертегісін ұсынатын болады. Ал, 18 сәуірде «Ұмытыңдар оны…» трагикомедиясы, 19 сәуірде «Енелер мен келіндер» комедиясы, 20 сәуірде «Қызыл орамалды шынарым» драмасын тамашалауға болады.

Өнер ұжымын аталмыш театрдың директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрерменнің сүйікті актері Азамат Сатыбалды бастап келді.

Сондай-ақ Павлодар төрінде театр әртісі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Естайдың ұрпағы Динара Әбікеева өнер көрсететін болады.

Ақпарат көзі: http://www.pavlodarnews.kz/index.php?id=22365

Сәйкес жаңалықтар

«Таңшолпан». «Супер Серкеш» комедиясы көрермен назарына ұсынылды

admin

Ғ.Мүсірепов театры талантты артистер шоғырланған мықты ұжым ғана емес, талапты спортшылар жиналған ұжым екенін тағы бір дәлелдеп берді. ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ Хабар телеарнасы “Жаңа күн” бағдарламасының арнайы ұйымдастыруымен өткен, Алматы қаласындағы өнер ордалары арасындағы Волейбол жарысында театрымыз I орын иеленгенін қуанышпен, мəртебемен мақтана жеткіземіз!

admin

23 қазан күні театрымыздың балетмейстері Ринат Билибаевтың туған күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық биіктер тілейміз!

admin