Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ғабит Мүсірепов атындағы театр Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17-20 сәуір аралығында Павлодар қаласында үздік қойылымдарын қоймақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары Дәурен Әділ алматылық қонақтар 5 қойылымын паш ететінін айтты.

– Ғабит Мүсірепов атындағы театр төрт күн бойы көрерменнің назарын аудармақ, – деді Дәурен Әділ. – Бүгін алғашқы қойылымдарын «Жусан исі» драмасымен бастауда. 17-20- сәуір аралығында «Әріптер әлеміне саяхат» танымдық ертегісін ұсынатын болады. Ал, 18 сәуірде «Ұмытыңдар оны…» трагикомедиясы, 19 сәуірде «Енелер мен келіндер» комедиясы, 20 сәуірде «Қызыл орамалды шынарым» драмасын тамашалауға болады.

Өнер ұжымын аталмыш театрдың директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрерменнің сүйікті актері Азамат Сатыбалды бастап келді.

Сондай-ақ Павлодар төрінде театр әртісі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Естайдың ұрпағы Динара Әбікеева өнер көрсететін болады.

Ақпарат көзі: http://www.pavlodarnews.kz/index.php?id=22365

Сәйкес жаңалықтар

Бүгінгі апталық кеңесіміз ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ арналып, Тараз қаласында өткен “Тұңғышбай Əл-Тарази Таразға шақырады” халықаралық театрлар фестивалінің жүлдегерлерін марапаттаумен жалғасты. Фестивальге Г.Хугаевтың “Қара шекпен” спектаклі қатысып, қойылымның басты рольдерін сомдайтын артистеріміз, атап айтсақ, Лидия Кəден – “Ең үздік əйел бейнесі”, Ербол Садырбаев – “Ең үздік ер адам бейнесі” номинациялары бойынша жеңіске жетті. Шын жүректен құттықтаймыз! Мүсірепов театры жасасын!

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді

admin

“Көршілер” телехикаясы ‪#‎ЖібекРахатова‬ ‪#‎ҚуанышТұрдалин‬ ‪#‎Хабартв‬ ‪#‎Театр‬ ‪#‎Кино‬.

admin