Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
ВИДЕОГАЛЕРЕЯФОТОГАЛЕРЕЯ

Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.

Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.

Сәйкес жаңалықтар

Театр қоржыны тағы бір қойылыммен толықты

admin

Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

admin

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейінде ІІІ Халықаралық «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты ғылыми форум өтті

admin