Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
ВИДЕОГАЛЕРЕЯФОТОГАЛЕРЕЯ

Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.

Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь архившілерінің бірлескен фотоальбомы таныстырылды

admin

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

admin

Театр қоржыны тағы бір қойылыммен толықты

admin