Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова заңға «басым туристік аумақ» ұғымын енгізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілісмендер алдында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, заң жобасы елдің қабылданған стратегиялық құжаттарына сәйкес, туристік саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған. «Заң жобасымен қолданыстағы заңнамаларға бірқатар бағыт бойынша түзету енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда ұғымдық аппаратты жетілдіру, туризмді жіктеу, саланы мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеумен байланысты нормаларды қайта қарау көзделген. Мемлекеттік реттеу, атаулы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тұрғысынан маңызды мәселенің бірі – туристік қызметтің қазіргі түрлері мен бағыттарын нақты жіктеудің жоқтығы. Осыған байланысты туристік кластерді дамытудың стратегиялық жоспарын, сондай-ақ туристік қызметтің жекелеген бағыттарын іске асыру мақсатында заң жобасында туризмді жіктеу көзделген», – деді министр. Сондай-ақ министр Басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізуді ұсынды. «Басым туристік аумақты енгізу – заң жобасының негізгі новелласы. Басым туристік аумақ құру мақсаттары: синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілетін арттыру, туристік кластерге кіретін туристік ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру, ресурстарды (материалдық, зияткерлік) туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелеріне шоғырландыру. Басым туристік аумақ – туристік салаға инвестиция мен халықаралық стандарттарды енгізуді көздейтін іс-шаралар кешені. Аумақты (географиялық шекараларды) ҚР Үкіметі айқындайды», – деді ол.

Ақпарат көзі:  https://www.inform.kz/kz/aktoty-rayymkulova-zanga-basym-turistik-aumak-ugymyn-engizudi-usyndy_a3720155

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Белгілі режиссер Жанат Хаджиев театрды сағынып жүр.

admin

Белгілі актерлер А.Төлепов пен А.Өтепберген енді Ғ.Мүсірепов театрында өнер көрсететін болды

admin

86 жылғы оқиға – Қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің нүктесі іспетті. Сол нүкте қойылып, елімізде бейбіт, тыныш заман орнады. Тәуелсіз ел болдық. Өз басшымыз, өз туымыз, өз әнұранымыз болды. Сол оқиғадан кейін қазақ дейтін өр халықты танитын болды әлем. Құрметтейтін, бас иетін болды. 86 жылы алаңға шыққан сол кездегі жастар – қазірде ұрпағын Тәуелсіз елде тәрбиелеп отырған бақытты жандар десек те, ол оқиға бұл кісілердің жүрегіне өшпес жара салған, ең қорқынышты да, қиын кезең болып естерінде қалып отыр. Жазықсыздан жазықсыз, қыршыннан қиылған жап-жас жолдастарынан көз алдында айрылып қалу – ешқашан ұмытылмаса керек. Наркомандар, бұзақылар деп түрмеге жапқанда, жазықсыз екендіктерін дәлелдей алмай ашынған шығар. Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсiздiк үшiн күрескен аға-әпкелерiмiз, атап айтсақ, Республикалық “Желтоқсан-86″ Тәуелсiздiк қырандары” Халық қаһармандары қозғаласы төрайымы – Жүнiс Гүлбаһрам Есмұратқызы, “Желтоқсан-86” Республикалық тәуелсiздiк күрескерлерi – Сейтiмбет Үсiпхан ағамыз бен Сейтiмбет Гүлнар апамыз бүгiн #КейiпкерКелбетiмейман бұрышында қонақ болып, көрермендердiң сұрақтарына жауап бердi. Кездесуден естелiк суреттер.

admin