Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

Ақиық ақынның ұлы жас шәкірттерге ақ батасын берді

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтті.

Театр жыр жүйрігінің ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы және келіні, сондай-ақ «М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының» төрайымы Бақыткүл Қыдырбайқызымен кездесу кешін ұйымдастырды. Кешті белгілі ақын Бақыт Беделхан жүргізді.

«Кейіпкер келбеті» кездесу бұрышында көрермендермен салиқалы сұхбат құрып, əсерлі естеліктерімен бөлісті. Әсіресе ақиық ақынның ұлымен кездесуге келген жас шәкірттердің құлшынысы жоғары болды. Олар ақынның өлеңдерін оқып, Жұлдыз Мұқағалиұлының ақ батасын алды.

Кездесу кешінде театр репертуарындағы жаңа туынды М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!»(Реж. ҚР еңбек сіңірген артисі – Мұрат Ахманов) поэтикалық дастанында Мұқағали рөлін сомдаушыБейбіт Қамаранов пен Райымбек рөлін сомдаушы Асылхан Төлепов арнайы таныстырылып, құттықтау хаттармен марапатталды. Жұлдыз Мұқағалиұлы мен Бақыткүл Қыдырбайқызы театр әртістеріне алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Кеш соңы «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастанымен жалғасты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бүгінгі ертегіні тамашалауға келген Іле ауданы бала-бақшасының тəп-тәтті балапандары. Бала-бақша ұжымы мен балақайлардың ата-аналарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Театрдың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін Іле ауданынан келген көрермендеріміз тағы бір дәлелдеп берді. Қара шаңырағымыздың тәрбиелік мәні зор қойылымдары мен ұлтымыздың мәдениетін, дəстүрін бойына сіңіріп өскен балалар – болашағымыздың жарқын бейнесі!!! Бүлдіршіндеріміз аман болсын!

admin

Сәбит Әбдіқалықов шетелде жүріп танылған қазақ баласын қонаққа шақырды

admin

Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына іс-сапармен келді

admin