Әлімбек Оразбеков
«БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» (драма)
Қоюшы-режиссер – Мұрат Ахманов ҚР еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері
Қоюшы-суретші – Серікқан Омаров ҚР Мәдениет қайраткері
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Музыкамен көркемдеуші -Торғын Рақымбаева Мәдениет саласының үздігі
Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды.
Мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде ғана қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта да сынады, алып ағаш та құлайды. Адам да солай… Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?!
«Өмір… Өмір… Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін, таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек.
Адамдар ержетіп, шаңырақ көтеріп бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсіп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды?! Әлде, бұл – табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!..»
Спектакльдің премьерасы: 14 қаңтар 2016 жыл