Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ержан Қауланов

admin

Қоюшы режиссер

Туған кезі (күні, айы, жылы): 08.12.1986ж

Туған жері: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

2002-2005 жж. аралығында Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы  колледжінің «Музыкалық драма театрының актеры» мамандығын бітірген.

2005-2010 жж. аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр режиссеры» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2010-2012жж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрында режиссер болып еңбек етті.

2012-2014жж. Ж.Аймауытов атындағы  Павлодар облыстық  қазақ музыка-драма театрында Бас режиссер қызметін атқарды.

2017 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы режиссер міндетін атқарады.

Қойылымдары:

Қостанай театры: А.Вампилов «Метранпаж деген не?», М.Байджиев «Тіл табысқандар», У.Шекспир «Ромео мен Джульетта», А.Шаяхметов «Өкініш», Р.Куни «№13» т/б;

Павлодар театры: Р.Отарбаев «Нашақорлар», Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» т/б;

Ғ.Мүсірепов театры: Ж.Әлікен «Сиқырлы терезе» ертегісі, Н.Ораз «Аққулар ұйықтағанда», С.Балғабаев «Енелер мен келіндер»;