Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

“Қара пиар мен хайптың атасы”: Отандық танымал әнші елді елең еткізді (фото)

Елімізге танымал “Алашұлы” тобының әншісі, актер Мақсат Рахмет театрдағы жаңа образын көпшілікке көрсетіп, ел назарын аударды. Ол жақында тұсауы кесілетін спектакльде басты рөлді сомдайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақсат Рахметтің Instagram желісіне жариялаған суреттері жұртты елең еткізбей қоймады.

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп жүрген әншінің жазбалары да көптің қызығушылығын тудырған сыңайлы.

“Өзіңіз айтыңызшы, байлықты біреумен бөлісуге болады… Ал, даңқты біреумен бөлісуге бола ма?”, – деп жазған ол барша өнер сүйер қауымды театрдағы премьераға шақырады.

Тек 16 жастан асқан көрермендерге арналған бұл қойылымның тұсауы 16 қаңтар күні кесіледі екен.

Түрлі әлемдік сахналарда қойылған “Забыть Герострата!” атты спектакль Мүсірепов театрында қазақ тілінде “Ұмытыңдар оны…” атауымен ел назарына ұсынылмақшы.

Сәйкес жаңалықтар

Дара жол. Роза Әшірбекова (Толық нұсқа)

admin

Мүсірепов театрының актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықов ағамыз бен театр қызметкері, керемет жан Жібек Рахатова “БРИГАДА” комедиялық телехикаясының түсірілімінде. 9-қараша күні тұсауы кесілер туындыны 31 арнадан көре аласыздар.

admin

Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының актеры, қалың көрерменге “Мың бір мақал”, “Сен сұлу” тележобалары арқылы кең танымал болған Рахман Омар мырзамен болған бүгінгі эфиріміз де онша қызықсыз өтпеген сияқты

admin