Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНА ДИРЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Белгілі актер Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып тағайындалды. Бұл туралы аталған театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ақ-Зия Жайлы Facebook-гі парақшасында жазды.

 «ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен: талантты театр және кино актеры, білікті продюсер, танымал тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директорлық қызметке тағайындалды», — деп жазды ол.

Сонымен қатар ол, бұл ұжымды төрт жыл басқарған бұрынғы директор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов жаңа қызметтік орынға баратындығын да айтқан.«Ұжымның әрбір мүшесінің қамын ойлап, шығармашылық пен басқаруда жан-жақты жанашырлық ұстаныммен іс қыла білген Сәбит Әбдімүтәліұлына абыроймен атқарған қызметтеріне алғыс айта отырып, барған жеріңізге бақ орнатыңыз, жолыңыз болсын!, дейміз. Ал, жаңа басшының алдағы қызметіне мол сеніммен, табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз!», — деп жазды А.Жайлы.

Сәйкес жаңалықтар

Қараша айының балаларға арналған репертуары #қараша #апталық #РЕПЕРТУАР

admin

ХАТ ЖАЗУДЫҢ КЕРЕМЕТІН ҚАЗІРГІ ЖАСТАР БІЛМЕЙТІНІ ӨКІНІШТІ

admin

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТІСІ БӘЙТЕН ОМАРОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТЕДІ

admin