Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ғабит Мүсірепов театрында “Жусан иісі” драмасы қойылады

Аталмыш қойылымның тұсаукесері 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болады.

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған шығарма. Сюжетінде Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар суреттеледі. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен Аянның ішкі болмысы, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасы баяндалады.

Драма Сайын Мұратбековтің шығармасының желісі бойынша қойылмақ. Қойылымның режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

Сәйкес жаңалықтар

«Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы» ЮНЕСКО көлемінде тойланады

admin

3.12 Студия қонағы ӘСЕТ ИМАНҒАЛИЕВ

admin

Арнайы сұхбат Жұлдызбек Жұманбайдың алғашқы режиссерлік  қадамы.

admin