Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ескерткіш тақта ашылды

Алматы қаласы әкімдігі мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйым­дасты­руымен Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Қасым Жәкібаевтың құрметіне мар­құмның өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 
Шара барысында театр және кино өнерінің майталмандары Н.Ықтымбаев, С.Нарымбетов, Р.Әшірбекова және т.б. сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Ақынның жары Нұртай Жәкібаева жиналғандарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Мемориалдық тақтаны ашу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен театр және кино актерінің әріптестері, туған-туысқандары қатысты.

Ақпарат көзі: http://anatili.kazgazeta.kz/?p=45113

Сәйкес жаңалықтар

«АПАЛЫ-СІҢЛІЛІ ҮШЕУ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

admin

“Жаңа күн” бағдарламасында актер Данияр Базарқұлов, режиссер Ерлан Кәрібаев қонақта.

admin

“Сахна сырлары” ҚР еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері – Кәдірбек Демесін.

admin