Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Шыңырау түбінде». ПРЕМЬЕРА!

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық

Балалар мен жасөспірімдер театры

15 маусым, сағат: 18.30-да

ПРЕМЬЕРА!!!

М.Горький

«Шыңырау  түбінде»  драмасы

 Қоюшы режиссер – Данияр Базарқұлов

алықаралық театр фестивалінің лауреаты

Қоюшы суретші – Нұржан Сәменов

Хореограф – Зарина Айшуақова

Шындық… Шындық деген не? Шындық деген, ол – адам! Адам деген не? Адам деген, ол – сен емессің, мен емеспін, мыналар да емес! Жоқ, адам деген – сен, мен, мыналар, Наполеон, Мұхаммед! Осылардың бәрін қосқанда адам келіп шығады! Адам деген ұлы ұғым! Басы да, аяғы да, міне осында!

Бәрі адамнан табылады. Бәрі адам игілігі үшін жасалады. Өмір сүретін тек адамның өзі ғана. Қалғанының бәрін адам  өзінің қолымен, миымен жасайды!

Адам! Адам! Қандай тамаша, қандай керемет сөз! Адамды қадірлей білу керек! Оған аяушылық білдіріп, кемсітпе. Қадірлей біл!

Қу құлқынның құлы болғандардан мен, бұрыннан жиіркенемін! Мәселе онда емес! Мәселе, адам – бәрінен де биік болу керек! Міне, азат адамның тәңірі – Шындық!

Ақпарат көзі: https://ticketon.kz/event/shynyrau-tubinde

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ӘРІПТЕР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

admin

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОЛЖАЛАР АЗ ЕМЕС

admin