Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов театрында жаңа қойылымның тұсауы кесіледі

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театры 15 маусым күні сағат 18.30-да М.Горький «Шыңырау түбінде» драмасына шақырады.

Қоюшы режиссер – Данияр Базарқұлов, Қоюшы суретші – Нұржан Сәменов, Хореограф – Зарина Айшуақова.

Шындық… Шындық деген не? Шындық деген, ол – адам! Адам деген не? Адам деген, ол – сен емессің, мен емеспін, мыналар да емес! Жоқ, адам деген – сен, мен, мыналар, Наполеон, Мұхаммед! Осылардың бәрін қосқанда адам келіп шығады! Адам деген ұлы ұғым! Басы да, аяғы да, міне осында!

Бәрі адамнан табылады. Бәрі адам игілігі үшін жасалады. Өмір сүретін тек адамның өзі ғана. Қалғанының бәрін адам өзінің қолымен, миымен жасайды!

Адам! Адам! Қандай тамаша, қандай керемет сөз! Адамды қадірлей білу керек! Оған аяушылық білдіріп, кемсітпе. Қадірлей біл!

Қу құлқынның құлы болғандардан мен, бұрыннан жиіркенемін! Мәселе онда емес! Мәселе, адам – бәрінен де биік болу керек! Міне, азат адамның тәңірі – Шындық!

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/gmusirepov_teatrinda_zhana_koiilimnin_tusaui_kesiledi20170609_113400

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жарықты қосыңыз!

admin

ТЮЗ әртістері студентерді төл мерекесімен құттықтады.

admin

Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасының көрерменге айтары көп

admin