Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Биыл 10 аталым бойынша 26 адам жүлдегер атанды. Қоғамның мәдени дамуына үлес қосып жүрген жас дарындар мен шығармашыл және ғылымдағы талантты жастарға әр екі жыл сайын мемлекетттік жастар сыйлығы табысталады. Биыл еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Қоғамдық қызмет» аталымы бойынша жүлдегерлерді марапаттады. Жеңімпаздар қатарында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов те бар. Сондай-ақ, «Хабар» Агенттігінің қызметкері, әріптесіміз Нұрсұлтан Құрман «Журналистика» аталымында топ жарды. Нұрсұлтан Құрман, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері: – Телевизия саласындағы 6 жылдың ішінде 12 түрлі бағдарлама жүргіздім. Форматы да әртүрлі. Жаңалықтан бастап, апталық-сараптамалық бағдарламалар, танымдық, интеллектуалдық, зияткерлік бағдарламалар, музыкалық, ток-шоу. Соның бәрі 12. Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі: – Бұл арнайы жастардың қолдауына арналған. Жастарды қолдауға бағытталған ірі ауқымды жоба. Ең алдымен Елбасының бастамасы. Мақсаты – жастарды ынталандыру, жастарға стимул беру.

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/152690-marapattaldy

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Екінші пландағы үздік актриса”

admin

“Кейіпкер келбеті” кездесу.

admin

“ЖАҢА ФОРМА КЕРЕК! ОЛ БОЛМАСА, ТЕАТРДЫҢ БАРЫНАН ЖОҒЫ!” Елік Нұрсұлтанның “Шағала” спектакліне талдау.

admin