Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақ КСР-ының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мәкіл Құланбаев 90 жаста

Бүгін қазақ театр және кино өнерінің дара жұлдызы, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының іргетасын қалаушылардың бірі Мәкіл Құланбаев 90 жасқа толды. Мәкіл Иманәлі темір ұстасының отбасында дүниеге келген. Отан соғысы басталып, Алматыға Мәскеуден өнер ошақтары көшіп келіп жатты. Жаңа оқу жылы бастал­ғанда мектеп-интернатқа келген қаталдау көрінген орыс апай жаңа ашылған театр училищесіне балалар іздеп жүргенін айтып, бұлардың этюд жасауларын сұрайды, оны қалай жасау керектігін түсіндіреді. Көзілдірікті әйелге не керек екенін мұғалімі қазақша айтып бергенде бала Мәкіл сәл ойланып алып шыбын ұстауға кіріседі. Балалық сенгіштікпен жоқ шыбынды көз алдына елестетіп, аңдып жүріп қағып алады. Ұстаған шыбынымен бірге өзінің болашақ мамандығын уысына түсіргенін бала Мәкіл, әрине, білген жоқ. Осылайша ол өнер әлеміне сүңгіп кетті. Актердің өнердегі дара жолы мен біз білмейтін рөлдері туралы әріптесіміз тарқатсын.

1987-zhyl.-S.Balganbaev-“Kazaksha-kures”-Layli-rolinde-_09a

Мәкіл Құланбаевтың театр училищесіндегі алғашқы ұстазы Ольга Пыжова болыпты.  Театр өнеріне кәсіби баулыған ұстазы Асқар Тоқпанов. Жас актердің сахнадағы алғашқы рөлі Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» – Қодардан бастау алды. Кейін Мұхтар  Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» – Есен, «Ақан сері – Ақтоқтыда» – Науан хазірет сияқты үлкен рөлдерді шебер ойнап, өзін шыңдай түсті. Көрерменге жақсы таныс Қожаның өзі анасына қайта-қайта келіп жүрген бөтен еркекті ұнатпай, оны сыртынан келемеждеп жүреді. Ал Қаратай болса Милатжан бір үйге бір еркек керек қой дегенді жиі қайталаған сәтін көрермен ұмытпаған болар.

-22-638

Осылайша Мәкіл Құланбаев «Менің атым Қожа» фильміндегі Қаратай рөлі арқылы кеңінен танылды. Одан кейін «Қилы кезеңде», «Атаманның ақыры» сынды оннан аса көркем фильмде түрлі рөлдерді сомдады. Ал кішкентай Алпамыстың атасы болып ойнайтын Мәкіл Құланбаев мүлде бөлек актер боп шыға келеді. Нағыз ақсақал дерсің. Балаға ертегі айтқанда тіпті құбылып кетеді.

79503

Мәкіл Иманәліұлы кинода елуге тарта рөлдерді сомдапты. Ал теледидар мен радиода жүріп 500-ден аса рөлдерге дубляж жасапты. Мәкілі ағаны замандастары актердің кейпіне біртұтас еніп кететін дейді. Ертегі айтатын Ерден ата мен Жұмбақбай атаның даусын естіп өскен кешегі балалар да сағынып жүрген болар.

Е.Шәкірұлы

Ақпарат көзі: http://baistars.kz/post/view/22534

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Healthy With Fresh Greens for Weight Loss, Detox

admin

Ролик қаңтар айына

admin

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ 70-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ.

admin