Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Балалар мен жасөспірімдер театрына – 70 жыл

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына – 70 жыл. Өнер ордасы қазақ мәдениеті мен сахна өнерінің дамуына айрықша үлес қосты. Репертуары жыл сайын жаңарып, шығармашылық ұжымы жас актерлермен толығып келеді. 70 жылдық мерейтойына орай театр сахнасында ардагерлер ардақталып, жастар мен балалар өнерін көрсетті. Өнер ордасының шымылдығы 1946 жылдың 4 шілдесінде А.Толстойдың «Алтын кілт» пьесасымен ашылып, ресми түрде тұсауын кесті. Спектакльді Кеңес Одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И.Сац қойды. Сол уақыттан бері өнер ұжымы қазақ мәдениеті мен сахна өнерінің дамуына айрықша үлес қосып келеді. 1992 жылы Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға Ұлы жазушының есімі берілді. Ал 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай Академиялық театр дәрежесін иеленді. Қадірбек Демесінов, ҚР еңбек сіңірген артисі: – Бір жағынан режисура жаңа ізденіске түсіп жатыр да, ал біздің жастар өте талантты. Менің сәл ғана айтатын назым бар. Ол біз қалай болғанда да біз қалай болғанда да ұлттық құндылықтарымызды ешқашан жоғалтпауымыз керек. Бұл сахнада әр жылдары Серке Қожамқұлов, Мәкіл Құланбаев, Мұхтар Бақтыгереев, Тамара Қосубаева, Әмина Өмірзақова, Райымбек Сейтметов сынды қазақ өнерінің марғасқалары еңбек сіңірген. Балалар мен жасөспірімдер театры болып аталғанымен қазақ әдебиетінің ұлы жазушылары Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Дулат Исабековтың туындыларымен қатар орыс, батыс классиктерінің және де өзге халықтардың таңдаулы туындыларынан репертуар кестесі қалыптасты. Қазір уақыт тынысмен үндескен түрлі жанрдағы 30 қойылым бар. Сәбит Әбдіхалық, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры: – Өмірде болып жатқан жағдайларды сахнаға әдемілеп алып шығып, өз өмірін Мысалға кейбір спектакльдерімізден кейін кейбір көрермендеріміз ата-анасына көптен бері телефон соқпағаны есіне түседі мысалы. Сонымен қатар біздің еліміздің болашағына патриоттық тәрбиеге тәрбиелейтін бағытта жұмыс жасаймыз. Бүгінде театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолды жалғастырып, шығармашылық жаңа белестерді бағындыруда. Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/143323-balalar-men-zhas-spirimder-teatryna-70-zhyl

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/143323-balalar-men-zhas-spirimder-teatryna-70-zhyl

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Юные эксперты составили шорт-лист лучших постановок и выбрали лучших актёров

admin

Лидия Кәденова “Аналар жобасында”

admin

“Екінші пландағы үздік актриса”

admin