Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі басталды. Іс-шараны Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырып отыр. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған әзірге ішкі фестиваль болғандықтан, Мүсірепов театрында сахналанған жеті қойылым қасытуда. Қазылар алқасы да – театрдың өз мамандары. Балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдығына орай қолға алынған фестиваль «Наурыз-Думан» атты музыкалық ертегімен басталды. «Ең үздік ер адам бейнесі», «Ең үздік әйел бейнесі» және «Ең үздік дебют» сынды бірқатар аталымдар бойынша жүлде тағайындалған. Театр басшылығы «Алтын сақа» фестивалін дәстүрлі шараға айналдыруды, мемлекет қолдап жатса, тіпті республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Мұрат Ахманов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі -Бұның негізгі мақсаты – көркемдік деңгейді көтеру. Режиссерлар да, көбінесе балаларға қойылған қойылымдар да көбінесе талпыныс болмай жатады. Сол деңгейді көтеру үшін жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз.
Ақпарат көзі: http://khabar.kz/kz/news/m-deniet/item/50795-altyn-sa-a-balalar-spektaklderini-festivali-bastaldy