Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
25 –наурыз, сағат: 21.00-де
Е.Аманшаевтың “Үзілген бесік жыры” психологиялық драмасы желісімен қойылған “ОЛ” моноспектаклінің тұсаукесеріне шақырамыз!!!
Қойылымның көркемдік-идеялық мақсаты – қазіргі әлеуметтік қоғамға сай саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптастыру. Бұл спектакльдің көрерменге рухани азық беруде маңызы орасан.
Режиссер Ерлан Кәрібаевтың трактовкасы бойынша жеке адамның тағдыры арқылы бүгінгі өмірдегі әлеуметтік қайшылықты көрсетеді. Басты рольдегі актер Данияр Базарқұлов – Ол кейіпкерінің өмірден өз орнын іздеген философиялық толғанысын, шынайы шындықтың құпиясын жан-жақты қарастыруға ұмтылған іштей тартысы кімді болмасын ойландырары анық.
Ақпарат пен техника құралдарының дамыған заманында адам жанының құнсыздануы қазіргі кезде басты мәселеге айналып отыр. Осындай күрделі дүниелердің шешімін іздеуге шақыратын моноспектакльді көруге асығыңыздар.
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов театры фойесі (2-қабат)

Анықтама тел: 273-22-48.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әсет Иманғали: Мұқағалиді сахнада сомдау қиынға соқты

admin

Ғабит Мүсірепов театрында “Құлагер” спектаклінің премьерасы өтті

admin

Құттықтау!!!

admin