«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы.
Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқор алақанға зәру қаншама қаракөз бүлдіршіндер бар. Жаңа жыл қарсаңында оларға қуаныш-шаттық сыйлау – әрқайсысымыздың басты міндетіміз деп білеміз.
Осы орайда, бүлдіршіндерімізді қуантып, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Томпақпен келген Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық ертегісін ұсынды. Ертегінің шарықтау шегі жасыл шырша жанында жалғасып, Аяз ата, Ақшақармен бірге Томпақпен келген Жаңа жылды қарсы алды.
Жаңа қойылым екі тілде бірдей балаларды бақытқа бөлегенімен, басты мақсаты – баланың тілін табу болды.
Жаңа жылдық шыршаны тамашалауға келген бүлдіршіндеріміз бен ата-аналардың қуанышында шек болған жоқ.
Періште жүрек балапандарға арналған Жаңа жылдық тартуымыз желтоқсанның 30-на дейін жалғасын табады.
Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/cultcenter/post/556