Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
1980 жылы 22 ақпанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Құлбабас ауылында дүниеге келген.
1999-2001 жылдары Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы «Саз» колледжінің актер бөлімін бітірді.
2002 жылы Семейдегі «Дариға-ай» жастар театрының іргетасын қалаушылардың бірі.
2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада және миниатюра театрының» актер бөлімін тәмамдады.
2006 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Тюрянчик, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Есет, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»- Әнуар, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұқан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» -Қодар, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Кемел, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз»- Ержан, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Жантай, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар»- Ермек, М.Әуезов «Ай Қарагөз…» – Асан, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Көкжал, Т.Ахтанов «АНТ» – Әбілқайыр, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» -Бүркіт, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
А.Толстой «Буратино» – Базилио, «Ғажайып қобдиша» – қара мысық, Хан де Ен «Су патшасы»- қасқыр, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2001 ж. О.Бөкей атындағы республикалық көркемсөз оқу фестивалінің лауреаты.
2002 ж. 5-ші Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
Х.Бөкеева атындағы поэзия оқу шеберлігі конкурсында өз өнерімен ерекше танылғаны үшін марапатталды.
Мұқағали поэзиясынан студенттер мен жастардың 1-ші фестиваліне қатысқаны үшін марапатталды.
«Жанып тұрған жалыннан жаралыппын» атты жыр кешіне қатысқаны үшін марапатталды.
Х.Бөкеева атындағы поэзия оқу шеберлігі конкурсында 1-ші орынды иеленіп лауреат атанғаны үшін, «Поэзия менің композициям» атты дипломмен марапатталды.
2013ж. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.