Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Әсел Мәмбетова

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%bb-%d0%bc%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b01959 жылы 9 тамызда БҚО, Ақжайық ауданында дүниеге келген.
1977-1979 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының жанындағы вокалдық студияны тәмамдаған.
1979-1984 жылдары Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Музыкалық драма театрының» актер бөлімін бітірген.
1984 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ә.Әбішев «Мәди» – Ділдәш, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Гермия, А.П.Чехов «Шағала» – Нина, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – Наталья, «Бесеудің хаты» – Күләнда, «Сталинге хат» – Азиза, «Жетім бұрыш» – Сандуғаш, С.Сматаев «Зар заман» – Зылиха, Ш.Уәлиханов «Тағдыр» – Іңкәр, Ә.Тауасаров «Сен жанбасаң» – Ұлжан, «Махаббат аралы» – Айна, Ф.Оңғарсынова «Бақыт пен мұң» – ақын, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару»-Сәндігүл, С.Асылбекұлы «Махаббат аралы» – Роза, « Желтоқсан желі»-Мария, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Раушан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» -Күнекей, Д.Исабеков «Періште Пері» – Сафура, І.Жансүгіров «Исатай -Махамбет» – Айымжан, Иран Ғайып «Қорқыттың көрі» – Нике, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Алма, Биғайша, Дж.Патрик «Қымбатты Памелла» – Глория, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі» – прокурор, С.Елубаев «Аспаннан түскен адам» – Ақшайтан, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» -Ләззат, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Айсара ханым, О.Бөкеев «Мен сізден қорқамын»-Аспан қыз, М.Мақатаев «Дариға жүрек» – келіншек, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Ана, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1994ж. «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
2002ж «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
2009ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2012ж. «Доцент» Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;